Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаментімен облыс бойынша 87 000-нан астам зейнеткерге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7 пайызға артты.
«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сай 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 16 839 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 38 636 теңге;
4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткіш – 2 651 теңге;
5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөріс деңгейiнiң шамасы 31 183 теңге болып белгіленді.
Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептiк көрсеткiш және ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеруіне байланысты барлық жәрдемақы мен әлеуметтік төлем түрлерінің мөлшері 5 пайызға өсірілді.
Жеңіс БЕРІКОВ,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары