Тег: ‘Денис Главина’


Главина оралды

Күні: , 109 рет оқылды

Хорватиялық қорғаушы Денис Главина «Ақжайыққа» қайтып оралды.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Главина спорттық жолын «Динамоның» (Загреб) жастар командасында бастады.

Хорватиялық ойыншы сондай-ақ «Динамо» (Киев), «Ворскла», «Днепр», «Динамо» (Загреб), «Арка» (Польша), «Вараждин», «Сплит» (екеуі де Хорватия), «Заврч» (Словения) командаларында доп тепті.

Главинаның Қазақстандағы алғашқы клубы Қостанайдың «Тобылы» болды. Соның құрамында 2016 жылы 27 матчта бір гол соқты. 2017 жылдың жазында Денис Оралдың «Ақжайығына» ауысып, 14 ойында қос голдың авторы атанды. Ол қорғанысты бекем ұстаумен бірге керек кезінде шабуылға да қосыла алады.

Биыл жыл басында Талдықорғанның «Жетісу» командасының сапынан табылған Главина 14 кездесу өткізді. Енді ол «Ақжайық» сапында үшінші нөмірмен ойнайтын болады.

Айта кетейік, 14 шілде күні Артур Авакянцтың шәкірттері П.Атоян атындағы стадионда «Қызылжар» (Петропавл) командасын қабылдайды. Ойын сағат 19.00-де басталады.

Ғайса БӘЙМЕН


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика