Ардагерлер

bisen_zhumagalievБисен ЖҰМАҒАЛИЕВ

(1922 жылы туған)


 

Белгілі қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев 1922 жылы 22 желтоқсанда бұрынғы Тайпақ ауданы Сайқұдық ауылында дүниеге келген. 1942 жылдың қаңтар айында майданға шақырылып, 13-ші дивизия құрамында Ленинградты қорғады.

«На страже Родины» газетінің қазақ тіліндегі «Отанды қорғауда» деген парағын шығарушы үш адамның бірі болды. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақтан шыққан 79 әскери журналистің бірі. Майдан даласында жүріп «Орал өңіріне», ол кездегі «Екпінді құрылысқа» соғыс жағдайы мен жауынгерлердің ерліктері туралы тұрақты мақалалар жазып тұрды.

1947 жылы әскерден келген соң облыстық партия комитетінде нұсқаушы болды. 1949 жылы облыстық «Екпінді құрылыс» газетінің бас редакторы Хабир Нұрмұхамедовтың шақыруымен бас редактордың орынбасарлығына, екі жылдан соң бас редакторлыққа тағайындалды. 1955-1958 жылдары қазіргі Жалпақтал, сол кездегі Фурманов ауданында бірінші хатшы болды. 1958-1960 жылдары СОКП-ның Жоғарғы партия мектебінде оқыды. 1960-1971 жылдары Орал облыстық партия комитетінің хатшысы. 1971-1985 жылдары Көкшетау облыстық партия комитетінің хатшысы.

Бисен аға бұған дейін 1920 жылдан шыға бастады деп келген «Орал өңірі» газетінің тарихын әріге жылжытуға үлес қосты.

Бисен Жұмағалиұлының «Қазақтар Ленинград майданында», «Дары степных просторов», «Обнавленная степь», «Шолохов Қазақстанда» атты кітаптары бар. 9 орден, 20 медальмен марапатталған.


 Ғилаж Наурзинgilazh_naurzin


1930 жылы 21 қыркүйекте Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық кеңесінің «Социолизм» колхозында дүниеге келді.

1952 жылы Оралдық педагогикалық институтын бітірді. Шымкент, Гурьев, Талдықорған, Орал облыстарының аудандық газеттірінде бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет атқарды.

1977-1991 жылдар аралығында облыстық «Орал өңірі» газетінде бөлім меңгерушісі болды.

Облыстық дәрежедегі зейнеткер Қазақстанның құрметті журналисі атағының иегері.

   

zhangali_nabiullinЖанғали НАБИУЛЛИН


1936 жылдың 13 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысы  Жаңақала (қазіргі Бөкей ордасы) ауданында дүниеге келген.

1960-1996 жылдары әуелі аудандық газетте, кейін облыстық «Орал өңірі» газетінде, республикалық басылымдарда жұмыс істеген.

1969 жылдан СССР және Қазақстан Жазушылар одақтарының мүшесі.

Жаңақала, Бөкей ордасы аудандарының және Орал қаласының «Құрметті азаматы».

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Қазақстан Республикасы Журналистер Конгресінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 2006 жылғы «Жыл ақыны» номинациясы бойынша «Қыран» сыйлығына ие болған.

2009 жылы «Орал өңірі» газеті ұйымдастырған «Дағдарыстан – дамуға» атты жыр мүшәйрасында «Мәңгі достық» өлеңі үшін бас жүлдеге ие болды.

Ақынның ұжымдық жинақтарды қоспағанда, 14 кітабы жарық көрді. Қазір Орал қаласында тұрады.


mazhit_kayyrgalievМәжит Қайырғалиев


 1938 жылы 26 қарашада Тайпақ аудынының Базартөбе ауылында дүниеге келген.

1962 жылы А.С. Пушкин атындағы педагигикалық институтты тамамдады. 1965-1971 жылдар аралығында Тайпақ аудандық мәдениет бөлімін басқарды.

1972-2002 жылдар аралығында облыстық «Орал өңірі» газетінде әдеби қызметкер, тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактор болып еңбек етті.

«Намыс» өлеңдер мен әңгіме, новеллалар жинағының авторы.

Қазақстанның құрметті журналисі.


 Құбаш Қажымkubash_kazhymov_3


1938 жылы 25 ақпанда Жаңақала ауданы, «Жемісті» колхозында дүниеге келген. Орта мектепті тамамдағаннан кейін комсомолдық жолдамамен К. Марк атындағы колхозда мал бағады.

1964 жылы Орал педагогикалық институтын бітіріп, облыстық радио- телевидениеде режиссердің ассисенті болып еңбек етеді.

1965-2000 жылдар аралығында «Орал өңірі» газетінде тілші, аға тілші,  бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Мақалалары республикалық басылымдарда жарияланған. Қазақстанның құрметті журналисі.


amantay_borankulАмантай Боранқұл


1944 жылы 16 қазанда Қаратөбе ауданының Ханкөл ауылында туды. Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және тіл әдебиеті бойынша бітірген. 1968 жылы Жымпиты (қазіргі Сырым) аудандық «Қызылту» газетіне тілші болып кіріп, кейін бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. ҚазМУ-журналистика факультетін сырттай оқып, бітірген.

Әр жылдарда облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшілік қызмет атқарған.

Бірнеше кітаптың авторы.

 

Нина ЕЛИСЕЕВА


Өзбекстанда туған. 1953 жылы ата-анасының жұмысына байланысты Қазақстанға қоныс аударып, Орал қаласына көшіп келеді. Орталау мектепті бітіргеннен кейін бірден еңбекке араласады.

1958 жылы тұрмыс құрып, сәл-пәл үзілістен кейін сауда мамандығына оқып, осы салада жұмыс істейді.

1970 жылдан бастап облыстық «Орал өңірі» газетіне қызметке орналасады.

Нина Алексеевна газетте шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып ширек ғасыр еңбектеніп, 1995 жылы зейнет жасына шықты. Адамдармен қарым-қатынаста адал, еңбекқор жанды журналистер еңбек демалысына құрметтеп шығарып салды.

Н. Елисеева қазір Орал қаласында тұрады.

 

OLYMPUS DIGITAL CAMERA Тәрбие СМАҒҰЛОВА


1957 жылы Атырау (Гурьев) қаласында дүниеге келген. 1974 жылы №25 орта мектепті бітірген. 1974-1977 жылдары Атырау қаласындағы Ғ.Тоқай атындағы баспаханада әріп теруші, бет құрушы. 1977-1982 жылдары Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетінде оқыды. 1982-2012 жылдары облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды.

Тұңғыш мақаласы 1972 жылы республикалық «Қазақстан пионері» газетінде жарық көрген. Облыстық, республикалық деңгейдегі байқаулардың бірнеше мәрте жеңімпазы. Бірнеше жинаққа әңгіме, новеллалары, мақалалары енген.

Тәрбие Орынғалиқызы 2002 жылы Ақ Жайық журналистері арасында тұңғыш рет 1 мың метр биіктіктен парашютпен секірген. 5 ұл-қыз өсіріп, сонымен қатар патронат ана атанған. Қазір зейнет демалысында.


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика