16.05.2016, 10:40
Қараулар: 611
Хабарландыру

Хабарландыру


Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың 31 мамырында Энергетика министрі Қ.А.Бозымбаевтың өңірлермен бейне байланысты қамтамасыз ету арқылы халық алдындағы есепті кездесуі өтетіндігін хабарлайды. Кездесу барысында Энергетика министрі атқарылған жұмыстар, мұнай-газ, мұнай-газ-химия, көмір, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары туралы баяндайды және қойылған сұрақтарға жауап береді.


Есепті кездесу 2016 жылғы 31 мамыр күні сағ.15-00-де Астана қ., Д. Қонаев даңғылы, 4 «Қазмедиа орталығы» ғимараты, Киноконцерт залында өтеді.

Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7172) 786862, 786884 телефон нөмірлері бойынша хабарласуды  немесе a.atantaeva@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz электрондық мекен-жайларына  жолдауларыңызды сұрайды.

Берілген сілтеме арқылы ҚР Энергетика министрлігінің сайтында сұрақтар қоюға болады:  http://energo.gov.kz/index.php?id=5451

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар