30.04.2016, 6:15
Қараулар: 2
Қадірлі батысқазақстандықтар!

Қадірлі батысқазақстандықтар!

IMG_8691


Баршаңызды 1 мамыр мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күні­мен шын жүректен құттықтаймын!


Еліміз ешкімді нәсіліне, діні мен тіліне және ата дәстүр-ұстанымына бөліп жармастан, шын құрметтеу арқылы бүкіл әлемге достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетіп келеді.

ҚР Президенті, Елбасы Н. Назарбаевтың «Бақыт бағалай білгеннің ғана басында тұрады. Ең асыл қазынамыз – бірлігімізді көздің қара­шығындай сақтай білсек, барлық асулардан асамыз» деген сөзі бар.

Елбасының ұлтты ұйыстырар осы идеясы тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихында еліміздің халқын бір шаңырақ астына топтастырып келеді.

Тәуелсіздігіміздің алғашқы 25 жылына саяси тұрақты, экономикасы ілгерілеген, қалыптасқан мемлекет ретінде қадам басып отырмыз. Еліміздің осы кезеңге дейінгі және алдағы уақыттағы жетістіктерінің негізі қазақстандық патриотизм мен бірлік идеясы бола бермек.

Бұл мереке берекелі ынтымағымыз бен мақсат-мүддеміздің, ел тыныштығының тұрақты символына айналды.

Барша батысқазақстандықтарды  көктемнің осынау шуақты мерекесі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтай келе, мықты денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілеймін.

Береке басы – бірлікте екенін әрдайым естен шығармайық, ағайын.

Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі                       Алтай Көлгінов

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар