Бас прокурор жер мәселесіне қатысты арандатушыларға «соңғы» ескерту жасады

Күні , 703 рет оқылды

pogudx4tobcofmctb.dc33facd


Осы аптада әлеуметтік желіде шетелдіктерге қазақ жерін сату немесе жалға беру туралы кейбір заң нормаларын бұрмалайтын фото және видео материалдар қызу талқыланып жатыр. nur.kz редакциясы еліміздің жаңадан сайланған бас прокурорына жүгініп, халықты алаңдатқан мәселеге түсініктеме беруді сұрады.


Жауап  бірден  келді:

«Бас прокуратура соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Ғаламтордың қазақстандық бөлігіндегі әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге сату туралы арандатушы жалған ақпараттар таралып жатқанын  хабарлайды.

Ол ақпараттар заңсыз бұқаралық акциялар ұйымдастырып, оған қатысуға үндейді, сондай-ақ әлеуметтік және ұлтаралық алауыздық тудыратын баспалармен қатар таралуда.

Осыған байланысты бас прокуратура  бұл әрекеттер қолданыстағы заңнамаға қайшы және әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін (ҚР ӘҚБК 488-бабы, ҚР ҚК 174, 274 және 400-баптары) қатаң ескертеді»  делінген  хабарламада.

Елдің жоғарғы қадағалаушы органы ретінде бас прокуратура барлық жеке және заңды тұлғаларды жоғарыда айтылған заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

«Бүгін мен еліміздің барлық азаматтарына, әсіресе, журналистік және желідегі қауымдастық өкілдеріне, заң талаптарын қатаң ұстаныңыздар деген өтінішімді айтқым келеді», – деді жаңадан сайланған бас  прокурор  Жақып  Асанов.

Осыған байланысты Бас прокуратура жер-жерлерде прокурорлық бақылауды күшейтетін болады.

«Мен прокуратураның барлық аймақтық органдарына осы саладағы заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтап және жолын кесіп, тәртіпті және заңның сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бердім.

Құқық қорғау органдары заңда қарастырылған шараларды дер кезінде орындап, тіпті жауаптыларды қылмыстық жауапкершілікке де тартатын болады», – деп ескертті  Ж. Асанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел Президенті де шетел азаматтарына жер сату мәселесіне қатысты арандатушылар жайында сөз қозғаған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев жер ешқашан сатылмайтынын айтып, осы мәселе бойынша қауесет таратқандарды  қатаң  жазалауды  тапсырды.

www.baq.kz


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика