«Хрустальды шоқыр – 2016»

Күні , 237 рет оқылды

IMG_8479


Бейсенбі күні облыстық қазақ драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Орал өңіріндегі балалар туризмінің 55 жылдығына орай V облыстық «Хрустальды шоқыр» жүлдесінің салтанатты марапаттау  кеші өтті.


Мерекелік кеш облыстық қазақ драма театры әртістерінің арнайы қойылымымен ашылып, облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева туризм жанкүйерлері мен жанашырларын құттықтады.

— Облысымызда балалар мен жасөспірімдер туризмі жақсы жолға қойылып, республика бойынша алдыңғы қатарда келеміз. Соның нәтижесінде облысымыздағы  туризмді дамыту бойынша іс-шараларды өткізу тәжірибесін республикаға тарату жөнінде мемлекеттік хатшының арнайы шешімі қабылданған болатын. Ол бізге үлкен абырой және алдағы уақытта зор міндеттерді жүктейді. Биыл Ақ Жайық өңіріндегі туризмнің 55 жылдығы, ғылыми-әдістемелік «Соқпақ» журналының 10 жылдығы және «Хрустальды шоқыр» жүлдесінің бес жылдығы тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда жылдар бойы еш шаршамастан, өлке тарихын зерттеп-білуде, оны өңір жұртшылығына насихаттап, таратуда туризм жанашырларының қосқан үлесі көп. Олардың еңбектерін бүгінгі ұрпақ бағалайды және салып кеткен іздерін әрмен қарай жалғастыру бүгінгі ұрпақтың басты міндеті болып қала бермек, — деген  Айгүл Әділгерейқызы облыстық балалар туризмі және экологиялық орталығының директоры Виктор Фоминге облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан автокөліктің кілтін табыстады.

Кеште бірнеше аталымдар бойынша байқау жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлерге «Хрустальды шоқыр» сыйлығы табысталды. Сондай-ақ Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Меңзипа Жұматова, Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков, Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов «Орал өңіріндегі балалар туризмін дамытуға өз үлесін қосқаны үшін» мерейтойлық  төсбелгісімен марапатталды.

Бұдан кейін Виктор Фомин «Орал өңіріндегі балалар туризміне 55 жыл» атты іздестіру-зерттеу эстафетасының жалауы мен зерттеу альбомын облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевқа табыстап, кештің шымылдығын жапты.

Ләззат ШАҒАТАЙ

Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ


Тегтер: , , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика