Жүрекке жылы әуендер

Күні , 276 рет оқылды

DMS_2770


Облыстық  қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ретро-концерт өтті. «Тәуелсіздікке тарту» атты шарада облыс әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі танымал әндер мен әуендерді орындап, көрермендерін қуантты.


2010 жылы құрылып, қырық кәсіби маманнан жасақталған оркестрдің жетекшісі – Александр Шевелев, ал дирижері – Асхат Хасанов. Шара  барысында әншілер Қанатқали Қожақов, Мұрат Әмірханов, Айбар Қайырханов, Жаңылсын Хасанова қос тілде ретро әндерді шебер орындап берді. Ал жас өнерпаз Қадырболат Едіровтің танымал италиян әншісі және актері Адриано Челентаноның «Өзіміз» әнін сол тілде шырқағанына тыңдармандар ұзақ қол соқты.

Концерт соңында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атынан өнерпаздарға ықылас гүлі ұсынылды.

Серік  ІЗБАСАРҰЛЫ

Суретті түсірген М. ДОСЫМОВ


Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика