Жас боксшылар чемпионмен кездесті

Күні , 253 рет оқылды

IMG_8666


Өңірімізге ат басын тіреген бокстан олимпиада чемпионы, Вела Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев «Орал» спорт кешенінде облысымыздың жас боксшыларымен кездесіп, шеберлік дәрісін өткізді.


Олимпиада чемпионы облыстық балалар және жасөспірімдер бокс спорт мектебінің жас спортшыларымен өткен кездесуде олармен бірге жаттығу жасап, өзінің кейбір әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Кездесу барысында жастарға салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен жиі шұғылдануға, үлкен жеңістерге жетіп, көк туымызды биікте  желбіретулеріне тілегін білдірді.

– Орал қаласында өткелі отырған велошеруге қатысу үшін өңір басшыларының шақыртуымен арнайы келдім. Батыс өңірінде бұдан бұрын да болған едім. Жылы шыраймен қарсылап жатыр. Осы сапар барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, белгілі боксшы әрі досым Азамат Бауыржанұлының өтінішімен бүгін бокс спортына ден қойған жас жеткіншектермен кездесіп, шеберлік дәрісін өткізудемін. Егемен еліміздің ертеңгі ұрпағы дені сау, білімді де білікті болып өсуі үшін спорттың алар орны ерекше. Сондықтан барша қазақстандықтарды спортты жандарына серік етуге шақырамын,  — деді Серік Сәпиев.

Өз тілшіміз


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика