2.04.2016, 6:04
Қараулар: 52
Акцияға үн қосты

Акцияға үн қосты

IMG_20160328_164747


Таяуда Подстепный ауылында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қызметкерлері «100  нақты көмек» акциясына өз үлестерін қосты.


Соған орай өткен шарада орталықтың кеңестік қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Н. Аткешев сөз сөйлеп, жобаның маңызы туралы әңгімеледі. Жасынан сал дертіне ұшыраған Тұраргүл Амангелдинаға «Иманәлиев» шаруа қожалығының атынан сыйлық берілді. Қайырымды азаматқа Тұраргүлдің анасы З. Байнияз алғысын білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсеткен азаматтарға Алла разы болсын!

Батырхан ӨТЕПОВ,

жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың маманы,

Теректі ауданы