19.03.2016, 6:04
Қараулар: 18
Құрметті батысқазақстандықтар!

Құрметті батысқазақстандықтар!

нурлан-ногаев


Жыл айналып қайта келген әз-Наурызбен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!


Ықылым заманнан бері халық санасында Наурыз айы сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің белгісі болып табылады.

Елбасы Н. Назарбаев әр кез біздің басты байлығымыз – береке-бірлігі жарасқан халқымыз екендігін баса айтып келеді.

Қазақстан барлық этностардың өзіндік жарқын болмысы мен бекем бірлігі арасындағы үйлесімділікті сақтап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын нығайта отырып, алға қарышты қадам басуда.

Бұл мереке – еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірлік пен ынтымақтың мерекесі.

Пейілі даласындай дархан жұртымыз қашанда Ұлыстың Ұлы күнін ақ дастарқан жайып, ақ тілекпен қарсылап отырған. Елдің сүттей ұйыған тыныштығын, халықтың ырысты ынтымағын тілеген. Бұлақ көзін ашып, тал егіп, көмекке ділгер адамдарға қолұшын беріп, сауапты ізгі істермен айналысқан. Ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз жалғасып келе жатқан осындай игі дәстүрлер кең өріс алып, тың мазмұнмен байып отырғанына бүгін баршамыз куәміз.

Ендеше, көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін, ойға алған барлық арман-мақсаттарыңыз жүзеге ассын!

Игі тілекпен,

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар