19.03.2016, 6:02
Қараулар: 34
«Арманның аппақ әлемі»

«Арманның аппақ әлемі»

DSC_0170


Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының ұйымдастыруымен халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист Ертай Бимұхановтың шығармашылығына арналған «Арманның аппақ әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті.


Шараға келушілер алдымен Қаратөбе аудандық кітапханасы ұйымдастырған ақын шығармашылығына арналған көрмемен танысты. Кеш ақын өмірбаяны және оның туған жері Қаратөбе ауданы туралы бейнебаянмен басталды. Ертай Бимұхановтың сөзіне жазылған «Арман асуы», «Жұлдызды сәттер», «Ауылым – әнім» секілді әндер шырқалды. Ақын әр түрлі тақырыптарда жазылған өз өлеңдерін оқыды. Кештің жүргізушісі Эльдар Ихсановтың шығармашылық бағытында қойған сұрақтарына тұшымды жауап берді. Облыстық мәдениет және өнер орталығының жастары оның «Өлеңім менің…», «Бақытты сәт», ал студенттер «Гүлсезім», «Тазару», «Мен де бір қуыршақтың кейпіндемін…» өлеңдерін жатқа оқыды. Кеш иесіне Айсұлу Қадырбаева, Ғайсағали Сейтақ сықылды өнердегі аға-апалары ізгі ниет-тілектерін білдірді.

Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар