19.03.2016, 6:00
Қараулар: 31
«Сенің дауысың – сенің болашағың» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Сенің дауысың – сенің болашағың» байқауының жеңімпаздары анықталды

фото Руслана Канабекова (19)


Алматыда «Сенің дауысың – сенің болашағың» атты постерлер байқауының жеңімпаздары анық-талды. Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінде болған марапаттау рәсіміне танымал ән-шілер мен қоғам қайраткерлері қатысты.


фото Руслана Канабекова (1)«Қаламгер Азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден аса үміткер қатысты. Үздіктер онлайн режимде дауыс беру арқылы анықталды.  Қазылар алқасының шешімімен павлодарлық Анастасия Дейна мен Үмітжан Қасен ынталандыру жүлдесіне ие болса, алматылық Рауль Чукобаев үшінші орын алды. Ақтан Сағидулла мен Нұрсейіт Қарабаевқа екінші орын бұйырды. Маңғыстаулық Мұрат Наурызбайдың жұмысын мамандар бірінші орынға лайық деп таныса, астаналық Айдос Анаев бас жүлдені жеңіп алды.

Айдар ҚЫРЫҚБАЙ, «Қаламгер Азамат» жас  тілшілер  қорының  төрағасы:

– Бұл байқаудың ең ерекшелігі сайлау 2016.kz сайтына қатысушылар өздерінің жұмыстарын жіберді. Сол жібергеннен кейін онлайн дауыс беру жүрді. Орын алғандардың ішінен 15 мыңға дейін дауыс берген постерлер бар.

«Хабар. кз»

Суреттерді түсірген Руслан ҚАНАБЕКОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар