Ассамблея медиафорумы өтті

Күні , 6 190 рет оқылды

img_1730


Астана қаласындағы Қазмедиа ғимаратында «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық ІІ медиа форумы өтті.


Форум шеңберінде ҚХА этностық БАҚ көрмесі, ҚХА фотокөрмесі ұйымдастырылып, ҚХА 20 жыл «Бір ел – бір  тағдыр» атты кітап-жинағының тұсаукесері болды. Жинақтың негізгі тақырыбы – қазақстандық қоғамдағы бейбітшілік пен келісім, төзімділік пен тіл саясатына қатысты мәселелер.

БАҚ өкілдеріне арналып «Қоғамдық келісім контексіндегі медиамәдениет» тақырыбында, электронды БАҚ-қа — «Журналист-медиатор: мүмкіндіктер мен болашақтар», блогерлерге – «Блог саласы мен әлеуметтік желілердің қоғамда бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруға ықпалы» тақырыптарында панельді сессиялар өтті.

Сессиялардың спикері болып елімізге танымал журналистер, отандық блогерлер және әлемдік ақпарат агенттіктерінің шақырылған өкілдері, солардың ішінде «Астана» радиосының директоры Гүлмира Қаракөзова, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, Чжоу Лян-шеф ИА «Синьхуа» өкілдігінің тілшісі, New BakuPost газетінің бас редакторы, ТМД елдері сарапшыларының лига мүшесі  Тофиг Аббасов сөз сөйледі.

Халықаралық форумның ІІ бөлімінде  «Масс-медианың қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбында пленарлық отырыс және брифинг өтті. Оған ҚР Президентінің кеңесші-баспасөз хатшысы Дәурен Абаев, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары  Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі, төраға орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері,  мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысты. Одан кейін брифинг  өтіп, оған «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Нұрлан Ерімбетов, «24kz» телеар-насының шефредакторы, саясаттанушы Ерлан Игісінов модератор болды. Брифинг барысында аудиториямен пікір алмасылып,  журналистерді, оқытушылар мен студенттерді шетелдегі әріптестерінің пікірі қызықтыратыны байқалды. Сондай-ақ, қазіргі қиын жағдайдағы журналистика туралы сөз қозғады. Спикерлер, соның ішінде шетелдік спикерлер Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегейлігін атап, біздің халқымызға одан әрі бейбіт даму тіледі. Әлемде болып жатқан бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан арандатушылыққа жол бермеуіміз қажет деген пікірге келді. Форум соңында республикалық «Шаңырақ» атты журналистер арасында шығармашылық конкурсын қорытындылау рәсімі өтті. Қазақстандық этностардың мәдениетін және дәстүрін дамытуға бағытталған «Ең үздік мақала және телерадиобағдарлама» аталымында батысқазақстандық «Надежда» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Данара  Құрманова  атап  өтілді.

Толқын НҰРҒУАТОВА,

БҚО «Қоғамдық келісім»

КММ-ның баспасөз хатшысы


Тегтер: ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика