29.08.2015, 6:09
Қараулар: 26
Құрметті батысқазақстандықтар!

Құрметті батысқазақстандықтар!

Конституция


Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күні­мен шын жүректен құттықтаймын!


Әлемдік қауымдастықтан лайықты орын алып, толыққанды мемлекет болып танылуымызда еліміздің негізгі заңы – Ата Заңымыздың орны айрықша.

Ата Заңымыз – Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қа­дам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат.

Бұл қазақ жерін мекендеген байырғы жұрттың сан ғасырлық арма­ны болса, демократиялық даму жолын таңдаған жас республиканың бас­қа елдермен терезесі тең болып, қанатын кеңінен жаюына мүмкіндік береді. Ең бастысы, негізгі заң азаматтардың құқықтары мен бостан­дықтарының берік қорғалуының кепілі ретінде өміршеңдігін көрсетті.

Биылғы жылдың біз үшін маңызы ерекше. Себебі ағымдағы жылы елі­міз Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығын кең көлемде атап өтуде.

Мемлекетіміз осы жылдар ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында талай биік белестерді бағындырды. Бүгінде әлемдік аренада еңсеміз тік, түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатырған еліміздің ендігі межесі – дамыған үздік 30 ел қатарына ену.

Сондай-ақ еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа және Дүниежү­зілік сауда ұйымына мүше болды. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерімізге зор екпін бермек. Олар өндірген тауарларын шетел нарығына шыға­ру­ға мүмкіндік алды.

Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! Тәуелсіздігі­міз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі                  Нұрлан НОҒАЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар