29.08.2015, 6:06
Қараулар: 34
«Тұғыры биік тұлғалар»

«Тұғыры биік тұлғалар»

IMG_7006


Кеше облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ Бақытжан Қаратаевтың туғанына 155 жыл және Қазақстанға еңбек сіңірген заңгер Хаби Жақыповтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Тұғыры биік тұлғалар» атты көрменің ашылуы және «Ата Заң – азат елдің ар-намысы» атты тарихи-тағылымды шара өтті.


Шара мақсаты қазақтың ірі та­рихи тұлғаларының бірі, зама­ны­ның озық ойлы заңгері Бақытжан Қаратаевтың еңбектерін, тарихта­ғы орнын және саналы ғұмырын сот ісі саласына, оның мәртебе­сін көтеруге, халыққа адал қызмет істеуге арнаған Хаби Жақыпов­тың тағылымды өмір жолын му­зей қорында сақталған жәдігер­лер арқылы көрерменге кеңінен таныстыру болды.

Шараға облыстық әділет де­пар­таментінің мамандары, тарихшылар және студенттер атсалысты.

Аталмыш тақырыптағы көрме бір ай бойы келушілер назары­на ұсынылмақ.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар