29.08.2015, 6:04
Қараулар: 42
Үздік тауар Астанаға жол тартады

Үздік тауар Астанаға жол тартады

IMG_6971


Бейсенбі  күні «Қазақ­станның үздік тауары – 2015» аймақтық  көрме-байқауының жеңімпаз­дары анықталды. Үздік деп танылған кәсіпорындар желтоқ­санда өтетін республикалық шарада облысымыздың намысын қорғамақ.


Облыстық қа­зақ дра­ма театрын­да өткен көрме-байқауды бұл жолы об­лыс­тық кәсіпкерлік палатасы ұйым­дастырды. Оған өңіріміз­дің 23 кәсіпкерлік субъектісі қа­ты­сып, өз өнімдерін ұсынды. Олар үш аталым бойынша сын­ға түсті. Яғни «Халық тұты­на­тын үздік тауар» аталымы бойынша 10 кәсіпорын бай­қауға қатысуға ниет танытса, сегі­зі «Үздік азық-түлік тауары» аталы­мында бағын сынады, қалғаны «Өн­дірістік мақсаттағы үздік тауар» өндіретінін дәлел­деуге тырысты. Биылғы шараның та­ғы бір ерекшелігі – оған ауыл­дан келген жеке кәсіпкерлер көп қатыс­ты. Солардың бірі – баспа өнім­де­рін шығарумен айналысатын «Есетов» ЖК. Қазталов ауданында ор­на­лас­қан бұл кәсіпкер­лік субъектісі атал­мыш байқауға алғаш рет қатысуда. Кәсіпорын жетекшісі Жоламан Есетов байқау­дан жақсы әсер алған. Әріп­тес­терімен танысып, өнімнің жа­ңа түрлері, сапасы турасында пікір алмасты. Енді тұрақты түр­де келуге тырысады. Былтыр «Жұ­мыс­пен қамту – 2020» бағдар­ла­ма­сы аясында 800 мың теңге көлемінде грант алып, өз істерін бастаған жеке кәсіпкер жарна­малық, ақпараттық банерлер дайындайды, тойға, туған күнге шақыру билеттерін, өзге де безендіру құралдарын шығарады, компьютерлік қызметтер көрсетеді. Сұраныс жоғары, аудандағы 54 білім мекемесімен байланыс орнат-қан. Көрші Жәнібек, Бөкей орда-сы аудандарымен жұмыс істеуде.

– Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында ұйымдасты­ры­­лып келе жатқан бұл көрме-бай­қаудың маңызы зор. Мұндай ша­ра олардың сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруына мүмкін­дік береді. Жаңа көрмені аралау барысында ауылдық жерден кел­ген кәсіпкерлердің ұсынған түр­лі өнім­дерін көріп риза болдық. Қол жеткізген табыстарға марқа­йып, бір орында тұрып қалмай, ізденіп, еңбек етіп, өз істеріңізді дамыта берулеріңізге тілектеспін. Бұл сіздің кәсіпорындарыңыздың ға­на емес, еліміздің экономикасы­ның да нығаюына оң әсерін тигізері сөзсіз, – деді шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов.

Конкурстық комиссияның ба­ға­лауы бойынша «Өндірістік мақ­саттағы үздік тауар» аталымы бо­йынша «Гидромаш-Орион-МЖБК» ЖШС жеңімпаз болса, «Стекло-Сер­­­вис», «АрАи» серіктестіктері жүл­­­дегер атанды. «Халық тұтына­тын үздік тауарлар» аталымына  Орал сауда-өнеркәсіп компания­сы лайық екенін дәлелдеді. «Алтим-Стройдеталь» мен «Наноблок» ЖШС-лары ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал «Үздік азық-түлік тауарларын» өндіруші болып «Агропродукт ЛТД» серіктестігі танылды. «Родник» фирмасы мен «Нұржанар» АҚ қалған жүлделі орындарды бөлісті. Міне, осы тоғыз компания жыл соңында республикалық көрме-байқау-ға қатысып, ҚР Президентінің «Ал­тын сапа»  сыйлығын  алудан  үміт­ті.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

«Орал өңірі»

Суретті  түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар