29.08.2015, 6:03
Қараулар: 33
Жас кәсіпкерлерді қолдау

Жас кәсіпкерлерді қолдау

CAM00211


Кеше Назарбаев зияткерлік мектебінде «Тех­нологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі» (НАТР) АҚ және Орал қалалық әкімдігінің қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған «Кәсіп­керлер — инновациялық экономиканың  көшбас­шылары» атты аймақтық семинар-тренинг өтті.


Арасында жас кәсіпкерлер, жастар ұйымдарының жетек­ші­лері, «Болашақ» бағдарлама­сы­ның стипендиаттары және өндірістік кәсіпорындардың қызмет­­керлері бар семинар-тренингке қатысушыларды қала әкімі Ал­тай Көлгінов құттықтады. Ол да «Болашақ» қауымдастығының мү­шесі болып табылады. А. Көлгінов «Бо­лашақ» қауымдастығының жә­не «НАТР» АҚ-ның аталмыш  бағ­дарламаларды еліміздің барлық өңірінде жүйе­лі және түрлі ба­­ғыттар бойын­ша ұйымдастыра­тынын атап өтті. — Біздің қалада орта және шағын кәсіпкерліктің қарыштап дамуы, сонымен қа­тар кәсіпкерліктің белсенділігі бай­қалады. Оған Елбасымыздың бес институттық реформасының жүзеге асуы және кәсіпкерлерді қолдау мем­­лекеттік бағдарлама­лары оң ықпал етуде. Сондықтан осы семинар-тренингтің тақы­рыбына эконо­миканы әртарап­тандыру негізге алынған үшіншібағыттың аясын­дағы индустрия­ландыру мен эко­номикалық өсім — яғни, шағын және орта кәсіпкер­лікті дамыту таңдап алынды. Тре­нингке қаты­сушылар секциялық жұмыс ке­зінде осы тақырып­қа орай са­рапшылармен пікір бөлі­седі, сөй­тіп мұның сәтті диалог болары сөзсіз, — деді А. Көлгінов.

Семинар-тренингтің негізгі спикерлері ретінде «НАТР» АҚ басқарма төрағасының орын­басары, «Бо­лашақ» қауымдас­ты­ғы кеңесінің мүшесі Жұматай Сәлімов, украин­дық қонақтар, халықаралық биз­­нес-жаттықты­ру­шы, «Хаппи Фарм» бизнес-акселе­раторының  негізін салушы, бас директоры Анна Дегтерева жә­не әлемдік дең­гейдегі бизнесжаттықтырушы, «Бизнес Системс» компания­сы­ның директоры, тең­десі жоқ кор­поративті тренинг-мектеп бағ­дар­ламаларының ав­то­ры Олег Афанасьев, сонымен бірге «Даму» кәсіпкерлікті да­мыту қорының» өңірлік бөлім­шесінің директо­ры Ербол Иденов әрекет етті. Ж. Сәлімов «НАТР»-дың іс-әреке­тінің басты бағыттары және оның грантта­рын алу жүйесін жеңілдету жө­нінде әңгімелей ке­ліп, «НАТР»-дың жастардың сапалы жобала­рын көбейту мақса­тын көздейті­нін атап көрсетті. – Сонымен бірге мүмкіндігін­ше көп жастың бизнес-идея бо­йынша бізден қолдау алуын қа­лаймыз, — дейді ол.

Семинар-тренингтің шеңбе­рінде «Идеядан бизнес-модель­­ге: стартаптың «өмір сүру» жо­лы» атты тақырыптағы модуль де өтті. Оны әлемдік бизнесжат­тықтырушы Олег Афанасьев өт­кізді. Ол қатысушыларға ин­нова­циялық бизнестің даму құ­рылы­мы, CANVAS моделі, оның қыз­метінің басты түрлері тура­лы әң­гімеледі және сол биз­нес-мо­дель­дің көмегімен жаскәсіпкерлер­дің Қазақстанда жаңа стартап құ­ру үшін өз команда­ларын жасақ­тай алатынын айт­ты. — CANVAS бизнес моделі-биз­нес-модельді талдау үшін өсудің әлсіз орындарын немесе жаңа нүктелерін табуға арналған кә­сіпкерлердің басқару страте­гия­сының бір құ­ралы. Аталмыш модель 9 блоктан тұрады. Соның әрбіреуі ұйымдастырудың өз бө­лігін си­паттайды: атап айтқан­да, маңыз­ды серіктестер, жақсы қасиеттер мен ұсыныстар, тапсырыс беру­шімен қарым-қатынас, пайдалану сегменттері, маңыз­ды ресурстар, шығынның құры­лымы мен кірістердің көздері, — деді О. Афанасьев.

Семинар-тренингтің соңын­да қатысушылар спикерлерге сұрақ­тар беріп, атқарылған жұмыстан алған әсерлерін бөлісуіне мүм­кіндік алды. Семинардың белсенді қатысушыларына трениг тыңдаушыларының сертификаттары табыс етілді.

Наталья  ГОРОХОВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар