Туристерге — кәдесый

Күні , 916 рет оқылды

DSC_0129


Бөкей ордасы  ауданы — тарих тұнған өңір. Сол  себепті бұл өңірге келген турист атаулы құр қол кетпеуі керек. Осы мақсатты көздеген жас кәсіпкер Назымгүл Оразгелдиева «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы грант ұтып, кәдесый жасауды қолға алды.


Назымгүлдің мамандығы – жур­налист,  біздің әріптесіміз. ҚазҰУ-ды бітіргесін туған ауылына ора­лып, Бөкей ордасы тарихи мұра­жай-кешеніне қызметке орна­лас­қан ол осы жерге келетін сая­хат­шылардың кәдесый алып қайт­қысы келетіндігін көріп, біліп жүр­ді. «Кәдесый дегеніміз – естелік. Бар­ған, жүрген жерің туралы одан артық жарнаманың керегі жоқ. Негізі бала кезден ісмерлікке, қолөнерге икемім бар. Соны неге іске асырмасқа деген ой келді. Мысалы, қазақы ою-өрнекпен әдіптелген киіз үй, түйе, бойтұ­мар секілді бұйым­дарды және Бөкей ордасының тарихынан сыр шертер біраз кәдесыйды қолдан жасауға әбден болады. Жасап, сатсам мен үшін пайда, саяхатшылар үшін ұмытылмас естелік, құнды жәдігер», — дейді Назымгүл.

Назымгүл бұдан бө­лек биші қыздарға көйлек, көрпе-көпшік, терезеге перде де тігеді. «Арнайы кәсібім болмаса да қазір ғаламтор (интернет) рақат болды. Тігін-тоқы­ма саласына қатысты тиімді әдіс-тәсілдер ғаламторға енсең болды, алдыңда тұрады. Соның көмегіне көп жүгінемін», — дейді жас кәсіпкер.

Әңгімесінің соңында Назым­гүл осы кәсіппен айналысуға ақылкеңесін берген, көмектес­кен Орда ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиевке жә­не  Бөкей ордасы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ерлан Нұркеновке газет арқылы алғыс айтуымызды өтінді.

Тоқтар  КЕНЖЕҒАЛИЕВ,

«Орал өңірі»,

Бөкей  ордасы  ауданы


Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика