XV Ұлттық оқу конференциясы

Күні , 4 541 рет оқылды

IMG_1881


Кеше «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінде  облыстық «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған ХV Ұлттық оқу конференциясы өтті.


Конференция жұмысына еліміздің әр өңірінен келген ұстаздар мен тренерлер  қатысып, оқушы мүмкіндігі мен мұғалім мүддесін ұштастырып, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту арқылы оқытудың сан қырлы әдістерін ортаға салды. Ұстаздар бас қосқан алқалы жиынды  Қазақ оқу ассоциациясы директорының міндетін атқарушы, оқу магистрі С. Мирсейітова жүргізді.

Конференцияға бас спикер ретінде шақырылған М. Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов «Әдеби ұлттық құндылық бүгінгі мұғалім көзімен» тақырыбында баяндама жасап, өз ойын ортаға салды.  Батыс Қазақстан облыстық «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған кезекті жиында бүгінге дейін жасалған жұмыстар, өзгерістер мен нәтижелер, «Мектеп миссиясы: Бүгін және ертең» «Сынып әлемі: Мұғалім ізденістері» және тағы да басқа  өзекті тақырыптарды қамтыған ой-толғаныстар айтылды.

Конференция аясында ұстаздар қауымы КИМЕП-тің ассоциативті профессоры, білім беру докторы Давид Ландиспен кездесіп, «Познавая собственное окружение» атты кітап төңірегінде ой бөлісті. Білім берудегі өзекті мәселелерді ортаға салған жиында Қазақстан оқу Ассоциациясының «Озық оқырманы», «Озық жазушысы», «Озық суретшісі» атанған қарағандылық оқушылар  марапатталды. Конференцияда байқаулар мен концерттер ұйымдастырылып, әр қатысушыға «Қатысушы куәлігі» берілді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ



Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика