30.06.2015, 6:19
Қараулар: 45
Жастарды шақырады

Жастарды шақырады

IMG_3702


Батыс Қазақстан облысы студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары штабының бастамасымен студент жастар жұмысқа орналастырылуда.


Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында салынып жатқан облыс аумағындағы жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы және өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарда облыстағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері жұмыс жасауда. Қазір «АзияТехСтрой» ЖШС, «Марасант» ЖШС, «СФК Отделстрой» ЖШС, «МЖБК Гидромаш-Орион» ЖШС, «Жиенбай» ЖШС ұсынған 8 нысанда 173 студент жас еңбек етуде.

Студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары облыстық штабы өткен жылы 298 студент жасты  мерзімдік жұмыспен қамтыған болса,  биыл құрылыс жасақтарының құрамына 350-ге жуық студент және жұмыссыз жасты  еңбекке  тарту  жоспарлануда.

«Құрылыс жасақтарының құрамында еңбек етуге ниетті жастар болса, мына мекенжайға хабарласуларына болады», — дейді штат қызметкерлері.

«Нұр Отан» партиясының ғимараты (Ж. Молдағалиев к., 19), телефондар: 51-92-65, 87783389105

Өз тілшіміз


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар