27.06.2015, 7:19
Қараулар: 48
Ұлттық спорттан ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

Ұлттық спорттан ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

спорт


Бейсенбі күні Зеленов ауданы, Асан ауылындағы облыстық «Ат спорты БЖСМ» базасында ұлттық спорт түрлері бойынша жастар арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі басталды. Дүбірлі доданың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, сайыскерлерге сәттілік тіледі.


Аталмыш біріншілікке еліміз бойынша 9 команда қатысуда. Олар ұлттық спорттың көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату түрлері бойынша бақ сынасады. Бұл жолғы жеңімпаздар мен күміс жүлдегерлерге спорт шебері атағы берілмек.

Сайыстың алғашқы күні көкпар алаңында Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары кездесіп, нәтиже 6:1 есебімен Жамбыл облысының пайдасына шешілді.

Еліміздің әр түкпірінен келген 250 шабандоз ептілігі мен күшін сынға салатын осынау додаға облысымыздың намысын қорғау үшін 20 спортшы қатысуда. Бес күнге созылатын сайыс маусымның 30-ы күні қорытындыланбақ. Сайыстың қорытындысы  туралы газетіміздің алдағы нөмірлерінің бірінде жарияланады.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал өңірі»


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар