40 команда БАҚ СЫНАУДА

Күні , 844 рет оқылды

IMG_5199


Сәрсенбіде «Конденсат» АҚ-ның спорт залында 1998-1999, 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан ел чемпионаты басталды. Бұған Алматы, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ  Астана мен  Алматы  қалаларының  спортшылары қатысты.


Чемпионаттың ашылу рәсіміне арнайы келген облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жарысқа қатысушыларға «Қош келдіңіздер!» айтып, оларға осынау тартысты бәсекеде табыс тіледі. Ол сөзінің соңында жарыстың бас төрешісі Геннадий Фимушкинге елімізде волейбол спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, иығына қазақы шапан жапты. Ақ Жайық өңірінің қонақжайлылығына ризашылығын білдірген ардагер спортшы бір кездері өзі еңбек еткен өңірді еш уақытта  ұмытпайтынын  жеткізді.

Бас төрешінің сөзінше, бұл – елімізде волейбол бойынша өткізіліп отырған тұңғыш чемпионат. Бұған дейін спорттың осы түрі бойынша еліміздің түкпір-түк-пірінде жазғы, күзгі, көктемгі және қысқы лигалар өткізіліп келсе, енді өзге де спорт ойындары секілді, волейбол спорты бойынша да ел чемпионаты жиі ұйымдастырылатын болады.

Г. Фимушкиннің айтуынша, аталмыш жарыста еліміздің әр түкпірінен келген 40 команда бақ сынаспақ. 23 маусымда басталған чемпионат, бұйырса, 29 маусымда  қорытындыланатын  болады.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

«Орал өңірі»



Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика