Саябақтағы флешмоб

Күні , 114 рет оқылды

DSC_0163


Орал қаласындағы орталық саябақта Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін қолдауға арналған облыс жастарының флешмобы өткізілді.


Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін экономикалық ұйым 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған екен. ДСҰ-ның басты міндеті – халық-аралық сауда-саттыққа іркіліссіз мүмкіндіктер жасау. ДСҰ-ға мүше болу – күллі  Қазақстанның жеңісі. Бұл еліміздің жаһандық экономиканың бөлінбес бөлшегі ретінде мойындалуының айғағы.

Осы орайда Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру туралы шешіміне байланысты флешмоб ұйымдастырылды. Аталмыш шараға облыстық жастар қоғамдық бірлестіктерінің көшбасшылары және қаламыздың ерікті жастары барлығы 50-ге жуық адам қамтылып, «Жастар Қазақстанның даму жолын қолдайды» атты плакатқа елге деген патриоттық сезімдерін білдіріп жазды.

– Жалынды жастар үшін бүгінгі шараның маңызы зор деп есептейміз. Осындай көркем саябақта замандастарымыздың басын біріктіріп, флешмоб арқылы еліміздің дамуына үлесімізді қосамыз, — дейді БҚМУ-дың студенті Нұрбол Қырықбаев.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ



Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика