9.06.2015, 8:26
Қараулар: 35
Өздігінен СҮНДЕТТЕЛГЕН СӘБИ

Өздігінен СҮНДЕТТЕЛГЕН СӘБИ

IMG_0540


Жымпиты ауылында таңғажайып оқиға орын алды. Екі жарым жастағы Аят Болат маусымның 2-сін ен 3-іне қараған түнде өздігінен сүндеттеліп қалған. Осы жайды естісімен біз кішкентай Аяттың үйіне арнайы іздеп барып, мән-жайға қанықтық.


Таң қылаң бере Аят ауырсынып, жылап оянады. Атасы Болат «Қане, көрейін» деп қараса, сәбидің насыбайының ұшы пышақпен тіліп жібергендей екіге айырылып тұр екен. Аят «сүндеттелген» күні сәл ауырсынып, қызулағанымен, қазір шауып жүр. Негізі Болат Темірғалиев ағамыздың әкесі Бақыт атаның, оның арғы ата-бабаларының кісі емдеп, бала қиятын, арқалы, қолы шипалы жандар болғанын ел біледі. Болат ағаның айтуынша, кішкене күнінде өзін де, өмірден озған ұлы Ерболды да осылай «періштелер сүндеттеп» кеткен екен. «Мұндай оқиға біз үшін таңсық емес. Тұқымымызда үшінші рет орын алып отырған жайт. Аталары шөпшек, неменеміздің денесіне пышақ тимесін деген ниетпен осылай еткен шығар. Дәрігерге көрсететін ештеңесі жоқ», — дейді ол.

2012 жылы Құрбан айт кезінде дүниеге келгендіктен, сәбидің есімі Аят деп қойылыпты. Алдында екі апасы бар. Әжесі Жұмазияның айтуынша, кішкентай Аят әдейілеп ешкім үйретпесе де, астан соң бет сипайды екен.

Осы жағдайдан кейін Болат аға Сырым аудандық мешітінің өкіл имамы Армат Кәрімовті шақыртып, шелпек пісіріп, Құран оқытты. Енді Құдай жолында садақа бермек. «Бұл – тек Алланың қалауымен болған іс. Мұндай оқиға арқылы Аллаһ Тағала адамның өресі жетпейтін тылсым күштің барын сездіртіп, азғындап бара жатқан адамдарға ой салғысы келген шығар», – деді өкіл имам бұл турасында.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар