2.06.2020, 11:16
Қараулар: 87
Министр есеп береді 

Министр есеп береді 

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов 17 маусым күні халық алдында есептік кездесу өткізеді.

 

Бейнеконференция байланысы арқылы өтетін кездесу барысында спиркер министрліктің қызметі, экспорт пен елдер арасындағы сауда қатынастары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда кедергілері, электрондық сауда, тұтынушылар құқығын қорғау, техникалық реттеу мен сапа стандарты турасында баяндап, қойылған сауалдарға жауап беретін болады.

Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 15.00-де өтетін шараны ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен министрліктің Facebook және YouTube парақшалары арқылы көруге болады.

Сауалдар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына (https://dialog.egov.kz/blogs/2293760/welcome), министрліктің ресми сайтында онлайн-қабылдау бөлмесінің «сұрақ-жауап» бөліміне (https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/virtual-reception/1?lang=ru); ask@mti.gov.kz электрондық мекенжайы арқылы, сондай-ақ министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасына жолдауға болады.

Сұрақтарыңызды өңдеу үшін әрі олар бойынша сапалы және дұрыс ақпарат даярлау үшін уақыт қажет болуына байланысты қояр сауалдарды 10 маусымға дейін жіберу керек. Анықтама үшін телефон: 8(7172) 74 — 98 — 978 701 701 01 34.

 zhaikpress.kz

 

 

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар