17.03.2020, 16:44
Қараулар: 70
Ажалдан арашалап қалды

Ажалдан арашалап қалды

Орал  қаласында  полиция  қызметкерлері  көпірден  секірген  қызды  ажалдан  аман  алып  қалды.

Наурыздың 12-сі күні сағат 20:30 шамасында  «102» пульт операторына Деркөл ауылы аумағындағы Шаған өзенінен өтетін көпірден белгісіз біреудің секіріп кеткендігі жөнінде хабар түседі. Осы аймақта кезекшілікте жүрген Орал қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – полиция лейтенанты Парасат Жолбаев пен полиция капитаны Ерлан Кожасов лезде оқиға орнына жетеді. Маңайдағы саяжай қоғамының тұрғынынан қайық сұрап алып, өзенге беттейді. Олар су ортасында денесі қалқып тұрған қызды қайықтың көмегімен көпір астындағы бетон тасқа дейін жеткізеді.  Қыздың тірі екенін байқап, алғашқы көмек көрсетеді. Кешікпей құтқарушылар  жасағы  мен  «Жедел  жәрдем»  де жетеді.

Өзіне қол жұмсамақ болған 1988 жылғы қыз қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оның жағдайы  бірқалыпты.

 

Асылай  Ғұбашева

БҚО  ПД  баспасөз  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар