17.03.2020, 16:36
Қараулар: 219
Техникаларын  жаңартты

Техникаларын  жаңартты

Ұзынкөл ауылдық округінің шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуда.

Атап айтқанда, өткен жылы «Бірлік» ШҚ МТЗ-82 тракторын, «Степное» ШҚ шөп шауып-жинайтын, шөпті шиыршықтап буатын техника алған. Осылайша, 18 млн 391 мың теңге мөлшеріндегі субсидияға қол жеткізді. Он екі шаруа қожалығы күн батареясын орнатып, 62 млн 760 мың, 26 шаруа қожалығы малын сумен қамтамасыз ету мақсатында құдық қаздырып, 23 млн 480 мың теңге көлемінде субсидия алған. Округтегі малды техникалық сумен қамту үшін ауылға қарасты 40 шақырым су арнасын тазарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде ауылдық округ аумағында орналасқан төрт, Еңбекші елді мекені маңындағы екі және 11 қыстақтағы су қоймалары техникалық сумен қамтамасыз етілді.

 

Гүлзара  Тілекқабылқызы

Жәнібек  ауданы