17.03.2020, 16:13
Қараулар: 486
Сотталғандарды  жұмыспен  қамту  маңызды

Сотталғандарды  жұмыспен  қамту  маңызды

Өткен  сәрсенбіде  ҚР  ІММ  Қылмыстық-атқару  жүйесі  комитетінің  төрағасы  Жанат Ешмағамбетов жұмыс  сапарымен  өңірімізде  болды.


Олар шаһардағы қылмыстық-атқару мекемелерінде болып, ондағы сотталғандармен тергеу-қамауындағылар ұсталатын жасақтарды және камераларды аралап, сотталғандардың тұр­мыстық жағдайымен, медициналық көмек көрсету, олардың тамақтануы мен еңбегін ұйымдастыру мәселелері мен танысты. Сонымен қатар аталған комитеттің төрағасы қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге мекемелерде жазасын өтеп жатқан азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады.шкі істер министрінің арнайы тапсырмасымен облы­сымызға келген делегация құрамында Қазақстан Рес­публикасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова, ІІМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Марат Қоғамов, халықаралық түрме реформасының Орта­лық Азиядағы өкілі Жанна Назарова және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың және ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда біздің облыс көлемінде үш қыл­мыстық-атқару жүйесі мекемесі орналасқан. Орал қаласын­дағы РУ-170/1 тергеу изоляторы, РУ-170/2 орташа қауіпсіз және РУ-170/3 қауіпсіздігі барынша жоғары орындарында мыңнан аса сотталғандар жазасын өтеуде. Аталған мекемелерде то­ғыз шағын және орта кәсіп өкілдері 300-ге жуық сотталғанды жұмыспен қамтып отыр. Олар жиһаз, пластикалық есік және терезе, тігін өнімдерін шығарумен айналысады.

Аталған сала өкілдері, облыстық денсаулық сақтау, еңбек­пен қамту салаларының мамандары басқосқан жиында Жанат Ешмағамбетов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қылмыстық-атқару жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіру бойынша нақты міндеттер қойып отырғандығын атап өтті. Сондай-ақ комитет төрағасы сотталғандарға тиісті жағдай жасау, тәртіп жағдайларын қатаң бақылауда ұстау, оларды барынша жұмыспен қамту, медициналық жағынан қам­тамасыз ету және жазасын өтеушілердің құқықтарын мүлтік­сіз сақтау сынды басты бағыттар анықталғандығын айтты. Бұл бойынша заңды шаралар да қабылданып үлгерген.

Жиында ақпараттық технологиялардың көмегімен түрлі қызмет көрсетулер жетілдіріліп, қылмыстық-атқару мекемеле­рінде отырған адамдардың туыстарымен байланыс орнату мақсатында «бейнесөйлесулер» жүйесі енгізіліп, сотталған­дар­дың өтініштерін электронды түрде тіркеу үшін терминалдар орнату мәселелері пысықталып жатқандығы айтылды.

– Түзету мекемелері қызметкерлерінің және сотталған­дардың тарапынан заң бұзушылықтарды болдырмау үшін бей­некамералардың саны кезең-кезеңмен арттырылуда. Бас бос­тандығынан айыру орындарында жазасын өтейтін адамдар­ды жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше ден қойылып отыр. Осы мақсатта қылмыстық-атқару мекемелерінде өндіріс орындарын ашу үшін кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыста­ры жүргізілуде. Сондай-ақ пенитенциарлық жүйе үшін негізгі бағыттардың бірі сотталған азаматтарға медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру болып табылады. Әрине, бұл ба­ғытта шешімін таппай отырған бірқатар мәселелер бар. Бүгін­гі таңда кәсіби медицина мамандарының жоқтығы, тозығы жет­кен құрал-жабдықтар мен ғимараттар қиындық туғызуда. Жұртшылық тарапынанда “Түзету орындарындағы медици­на қызметі мекеме әкімшілігіне тәуелсіз болу керек” деген ұсыныстар жиі айтылуда. Біздің ойымызша, ҚАЖ мекемеле­ріндегі медицинамен қамтамасыз ету қызметі Денсау­лық сақтау министрлігінің құзыретіне берілетін болса, соттал­ған­дар заман талабына сай жаңа медицина қызметтерін алатын болады, – деді Жанат Ешмағамбетов.

Тоқтала кетейік, өткен жылғы сәуір айынан бастап Алматы және Қарағанды облыстарында сотталғандарды медицина­лық қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігіне беру бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Осы жобаның аясында медициналық қызмет көрсету азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары іске асырып, ол оң нәтижелерін беруде.

 

Нұрбек Оразаев

Нурлыбек Рахманов: Батыс Қазақстан облыстық "Орал өңірі" газеті сайтының бұл нұсқасы мұрағатқа көшірілді. Күн сайынғы жаңалықтарды енді zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыз.