17.03.2020, 16:08
Қараулар: 117
Жаңа  өндіріс  ошақтары –индустрияландырудың өзегі

Жаңа  өндіріс  ошақтары –индустрияландырудың өзегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: «Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады», деп көрсетті.

Маңызды құжатта  айтылғандай,  индустрияландырудың төртінші бесжылдығында өткен бесжылдықтағы жіберілген қателік терді, олқылықтарды  ескере отырып, еңбек өнімділігінің нақты өсімін 1,7 есеге арттыру көзделген. Жалпы индустрияландырудың бүгінгі мұрат-мүддесі «шикі-затқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әрта-раптандыруға» негізделген. Сонда «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі фак-торларына айналмақ. Өңіріміздің даму ерекшеліктеріне қарай инвестициялық әріптестікті дамыта отырып, облыстағы жұмыс орындарын сақтау, өнеркәсіп кәсіпорындарының ырғақты жұмысын тұрақтандыру, жаңа өндіріс орындарын ашу индустрияландыру бағдарламасының мүддесімен астасады.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 24,5%-ға артып, 584 млрд теңгені құрады.  Соның ішінде ішкі инвестициялар көлемі 42,7%-ға өсіп, 440,3 млрд теңге болды. Негізгі капиталға құйылған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ішкі инвестициялардың үлесі 75%-ға жетті. Осының нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы республикада негізгі капиталға құйылған жалпы инвестициялар көлеміндегі ішкі инвестициялар үлесі көрсеткіші бойынша 1-орынға шықты. Сырт көзге бәрі оңай көрінгенімен, инвестор табу – қиынның қиыны. Өйткені «бір тиыны екі тиын» болып қайтатынына айқын көзі жетпейінше, инвестор қайтарымсыз жобаға құлдық ұрмайды, ақша салмайды. Сондықтан инвесторларды тарту, инвестициялық климатты жақсарту, экспортты жыл-жыту жұмыстарын «жанданды-ру» мақсатында осы мақсатқа сай жұмыстанатын аймақтық кеңес жұмыс істейді. Былтыр ин-весторлар кеңесінің 5 отырысы өткізіліп, онда 587 тұрақты жұмыс орнын құратын жалпы шамасы 40,9 млрд теңгенің 10 жобасы мақұлданды.

Биылғы жылдың 15 қаңтарында да инвесторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Инвесторлар кеңесі 370 жұмыс орнын ұсына-тын жалпы құны 25,7 млрд теңге болатын 5 жобаны қарап, оң шешім шығарды.  Жуықта да тағы үш жоба мақұлданды.

– Қазіргі уақытта тарту және инвестициялық жобаларды қолдау мәселелері бойынша бірыңғай аймақтық оператор ретінде инвестицияларды тарту, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдармен және даму институттарымен өзара әрекеттесу бойынша жұмысты жандандыру мақсатында «Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ жанынан инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды. Бүгінде инвесторларға қызмет көрсету орталығының жаңа тұжырымдамасы дайындалуда, – деді аталмыш басқарма басшысы Ернар Бекетов. Оның айтуынша, өңірге инвестициялар тарту және ірі жобаларды енгізу үшін индустриалды аймақ құру жұмыстары басталды. Теректі ауданындағы Ақсуат ауылдық округіндегі Пойма стансасы аумағынан индустриалдық аймақ құрылысын салуға 281 гектар жер бөлінген. Оған қажетті техникалық-экономикалық негіздеме, жобалық-сметалық құжаттама жасалған және жобалық-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізіліп, жоба тұжырымдамасы дайындалған. Сондай-ақ 2020 жылға болашақ индустриалдық аймақ аумағына инфрақұрылым тартуға 1,7 млрд теңгеге өтінім беріліп, мақұлданды.

Өткен жылы облыста 500 жұмыс орнын құратын жалпы құны 354,2 млрд теңгенің 10 жобасы іске қосылды. Олардың ішіндегі ең ірілерін атап өтсек, олар – «Жайықмұнай» ЖШС-ның газды дайындау қондырғысы, «ҚПО б. в.» компаниясының бесінші мұнай құбырының құрылысы, «Орал кабель» ЖШС-ның кабель өнімдері өндірісі, «PETROVALVESKIOS» ЖШС-ның шар клапандары өндірісі, «Орал полиэтилен тұрбалары зауыты» ЖШС-ның полиэтилен тұрбалары өндірісі, «ICMRecycling» ЖШС-ның тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, іріктеу және өңдеу жобалары.

Биыл 800 тұрақты жұмыс орнын қалыптастыру арқылы жалпы құны 27,5 млрд теңге болатын 12 жоба іске қосылмақ. Олардың ішіндегі ең ірілеріне тоқтала кетелік. «Орал трансформатор зауыты» ЖШС-ның қуаты 35-500 кВ трансформаторға арналған панельдік радиатор өндірісі жобасы бойынша қуаты жылына 3000 тонна өнім шығаратын өндіріс орны ашылып, онда 115 адамға жұмыс беріледі. «Квант» ЖШС-ның жиһаз фабрикасы құрылысы жобасы бойынша жылына 22 мың дана жиһаз шығаратын өндіріс орны ашылмақ, онда 100 адамға жаңа жұмыс орны ұсынылады. Ал «Орал құс фабрикасы» ЖШС-ның  құс фабрикасын кеңейту жобасында жылына 14 мың тонна құс етін өндіру көзделген. Онда қосымша 50 адам жұмыс істемек. «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС-ның жылыжай кешені жобасы іске қосылғанда жылына 2500 тонна көкөніс өндіреді және 50 адамға тұрақты жұмыс береді. «Серік өндірістік жабдықтау кәсіпорны» ЖШС-ның Ақсай қаласындағы қонақүй  құрылысын жүргізуде. Қонақүйдің ауданы 8521 шаршы метрді құрайды, онда 108 бөлме болады. «Кублей» ЖШС-ның теріні алғашқы өңдеу жобасы бойынша ауысымына 600 дана тері өңделмек, 50 жұмыс орны ашылады. «134» ЖШС-ның кірпіш зауыты құрылысы жобасы іске қосылғанда жылына 20 млн дана кірпіш өндіріліп, 70 адамға жұмыс істемек. Қорыта айтар болсақ, бұл жобаларды уақтылы жүзеге асыру облыстың экономикасын ілгерілетуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, бюджетке түсетін салық түсімдерін молайтуға және ең бастысы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Гүлбаршын  Әжігереева