17.03.2020, 15:41
Қараулар: 217
Басқарма  басшысы тағайындалды

Басқарма  басшысы тағайындалды

Конкурстық  комиссияның  шешіміне және  ҚР  Мәдениет  және спорт  министр-
лігінің  келісіміне сәйкес  Батыс  Қазақстан облысының  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасының  басшысы  лауазымына  Қаймен  Есендияров  тағайындалды.

Қаймен Есенаманұлы 1967 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр  жылдары:

– Батыс Қазақстан облысы спорт комитетінің нұсқаушысы;

– Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің (ОРМБЖМ) қазақ  күресінен  бапкер-оқытушы (Орал қаласы);

– «Қайрат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  директоры (Орал қаласы);

– Батыс Қазақстан облысы туризм және спорт басқармасы  басшысының  орынбасары;

– Батыс Қазақстан облысының ұлттық күрес және  самбо  федерациясы  төрағасы;

– Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы тәртіптік комитетінің төрағасы, БҚО қазақ күресі федерациясының  президенті  болды.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде самбодан мемлекеттік  жаттықтырушы  қызметін  атқарды.

 

Батыс  Қазақстан  облысы әкімінің  жұртшылықпен байланыс  жөніндегі қызметі