17.03.2020, 15:37
Қараулар: 102
Оқушылар  каникулға  ерте  шықпақ

Оқушылар  каникулға  ерте  шықпақ

Мектеп оқушылары наурыздың 16-сынан бастап демалысқа шығады. Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері қашықтықтан оқуға көшпек. Бұл жайында орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Премьер министрінің орынбасары Ералы Тоқжанов мәлімдеді.

Оқушылар жылдағыдан ұзағырақ, яғни, сәуірдің 5-іне дейін демалады. Оларды экскурсияға алып шығуға тыйым салынбақ. Ал колледждер мен ЖОО студенттері оқуын онлайн түрде жалғастырады. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Базарғалиеваның айтуынша, қаладағылар да және ауылдарына оралған студенттер де оқудан қол үзбейді. Оның мәліметіне сүйенсек, өңіріміздегі 388 мектепте 107 639 оқушы білім алуда. Облыс бойынша 34 колледжде 17 588 білім алушы тіркелген. Балабақшалар қызметін тоқтатпайды.

Айта кетейік, кеше орталық коммуникациялар қызметі «12 наурыздағы коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай» тақырыбында брифинг өткізді. Оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоқжанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Брифингте коронавирус ауруының алдын алуға байланысты бүгіннен бастап көпшілік қатысатын мәдени және спорттық іс-шаралар тоқтатылатыны хабарланды. Театрлар мен кинотеатрлар қызмет көрсетпейді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданған шешімге қашан өзгеріс енгізілетіні беймәлім