Сенат комитетінің КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІСІ

Күні , 131 рет оқылды

IMG_8337


Кеше  ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңды іске асыру мәселелері бойынша Орал қаласында көшпелі отырыс өткізді.


Шараға Сенат депутаттары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің басшылығы мен жауынгерлері, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Игорь Стексов қатысты.

Отырысты ашқан комитет төрағасы Икрам Адырбеков 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заң еліміздің мемлекеттік шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі екенін атап өтті. «Жаңа заңда белгіленген баптар орындалуда, сонымен қатар заңның тиімділігін арттыру үшін шешуге тиісті мәселелер де бар», — деді сенатор.

Шекарадағы қазіргі жағдай, атқарылған жұмыстар, сондай-ақ көкейкесті мәселелер туралы еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы — Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов жан-жақты баяндады. Сондай-ақ БҚО әкімінің орынбасары И. Стексов атқарушы биліктің жергілікті органдары, шекара қызметі және басқа да мемлекеттік органдар бірлесіп қимылдаса, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз етіп, туындайтын мәселелерді шеше алатынын атап өтті.

Жиын барысында депутаттар автомобильдер өтетін бекеттерді абаттандыру (қозғалыс жолақтарын кеңейту, жолды күрделі жөндеу) бағытында шекара инфрақұрылымы нысандарына жер телімдерін беру қажеттігін айтты.

Отырысты қорытындылаған И. Адырбеков «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңды іске асыру қарқынын бесеңдетуге болмайтынын, оған қоса айтылған өзекті мәселелер мейлінше шешілуі тиіс екенін жеткізді. Бұл — тек ҰҚК Шекара қызметінің ғана емес, жергілікті атқарушы құрылымдардың және министрліктер мен басқа да құзыретті мекемелердің міндеті.

Көшпелі отырыс аясында депутаттар қорғаныс өнеркәсібінің құрылымына кіретін «Орал «Зенит» зауыты» АҚ қызметімен та-нысты. Бұл мекеменің негізгі міндеті еліміздің Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі үшін шағын катерлер мен кемелер жасау жөніндегі мемлекеттік қорғаныс саласының тапсырыстарын қамтамасыз ету болып та-былады. Сонымен қатар депутаттар «Погодаев» шекара заставасының қызметімен танысып, «Сырым авто» шекара бақылау бе-кетінде және 2029-әскери бөлімінде болды.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Суреттерді түсірген

В. ПРЕДЫБАЙЛО



Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика