10.03.2020, 17:43
Қараулар: 247
«Театрдың ғажайып  әлемі»

«Театрдың ғажайып  әлемі»

Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Театрдың ғажайып әлемі» атты театр өнерінің облыстық фестивалі өтті.

Шараның негізгі мақсаты – балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып, өскелең ұрпақты театр өнері мен сахна мәдениетіне баулу, актерлік қа­білетін шыңдауға, өзін-өзі таны­туға мүмкіндік беру.

Фестивальда Ақжайық, Бәй­терек, Бөрлі, Сырым, Тасқала, Теректі, Казталов, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласының мектептерінен 112 оқушы бақ сынады. Олар «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, данс-спектакль), «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ теат­ры» секілді бірнеше жанр бо­йынша өнер көрсетті.

Әділқазылар алқасының ше­шімі бойынша бас жүлдені «Мән­шүк. Песнь о Маншук» (авт. М. Бегалин, А. Кончаловский) деп аталатын драма жанрындағы қойылымды сахналаған Орал қаласындағы А. Тайманов атын­дағы №34 мектеп-гимназия­сы­ның оқушылары жеңіп алды. Д. Исабековтің «Құстар фестивалі» музыкалық қойылымын ұсынған Жәнібек ауданындағы №1 мектеп-лицейінің өнерпаз­дары бірінші  орынды иеленді. Екінші орын Сырым аудандық  балалар мен жасөспірімдер шы­ғармашылық орталығы (М. Жұ­банова, А. Сарғозиева, «Достар­мен мәңгі бірге» музыкалық қойылым) мен Орал қаласын­дағы Д. Қонаев атындағы №44 мектеп-гимназиясына  (С. Досанов, «Тозақ шеңбері» драмасы) бұйырды. Ал Ақсай қаласының №1 мектеп-балабақша кеше­ні (М. Әуезов «Абай жолы» Абай мен Тоғжан драмасы) мен М. Өтемісұлы атындағы облыс­тық сауықтыру мектеп-интер­наты (А. Пушкин, «Письмо Татья­ны к Онегину»  драмасы), дарын­ды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені­нің балғын әртістері (Ә. Оразбе­ков, «Бір түп алма ағашы» драмасы) үшінші орынды өзара бөлісті.

Бұдан бөлек актерлік шеберлігімен көзге түскен оқушылар  «Үздік әртістік бейнені сомдау», «Үздік әйел адамның рөлі», «Үздік ер адамның рөлі», «Үздік сахналық костюм», «Үздік екінші пландағы рөл», «Үздік хореогра­фия», «Үздік орындаушылықше­берлік» аталымдарымен марапатталды.

Ләззат ШАҒАТАЙ,

«Орал өңірі»