10.03.2020, 17:42
Қараулар: 278
«Шаңырақтық»  сұлуларға  шаттық  сыйлады

«Шаңырақтық»  сұлуларға  шаттық  сыйлады

Өткен аптада қала әкімі, «NurOtan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде болды.

 

8 наурыз – Халықаралық әйел­дер күні қарсаңында өткен бас­қосуда шаһар басшысы сол жер­дің тұрғындарының хал-жағда­йын сұрап, нәзік жандыларды ме­рекелерімен құттықтады.

– Бүгін біздер тағдырдың тау­қыметіне мойымай, жарқын бо­лашаққа деген зор үмітпен күн кешіп жатқан сіздердей апаларымыз бен қарындастарымыз­­ды көктемнің жарқын мерекесімен құттықтауға арнайы келдік. Өз­деріңіз секілді қамкөңіл жандар мемлекеттің әрдайым назары­мызда болады. Еліміздегі «Nur Otan» партиясы ата-ананың қам­қорлығынсыз қалған жандар­дың алаңсыз өсуіне, оқып, білім алуына, баспанамен қамтылуына, өмірде өз орнын тауып, еліміз­дің толыққанды азаматы болуы үшін қолдан келер көмекті аяған емес. Күні кешегі партиялық ба­қылау аясындағы кездесуімізде өздеріңіз осы үйдің ауласын абат­тандыруды өтінген болатынсыз­дар. Сол мәселе де партия мү­шеле­рінің қолдауымен шешімін тауып, балалар алаңын салу жос­парланып отыр. Осы «Шаңырақ» жасөспірімдер үйінде тұрып жа­тырған барша әпке­ле­ріміз бен қарындастарымызды, бұрымы желбіреген қыздары­мызды көк­темнің керемет мерекесімен құт­тықтап, дендеріне саулық, шаңы­рақтарыңызға бақ пен береке ті­леймін, – деді Абат Абайұлы.

Бұдан соң шаһар басшысы нә­зік жандыларға «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы атынан арнайы дайындалған сый-сыяпатын ұсынды. Қыз-келіншектерге көктемнің қызғалдақтары мен тұрмыстық заттар сыйласа, балбөбектерге ана тіліндегі кітаптар мен балмұздақтар тарту етті.

Сондай-ақ сол шаңырақта тұ­ра­тын Олег-Бақтыгүл есімді ерлі-зайыптылар Омар атты ұлдары­ның тұсауын қала әкіміне кескізді. Абат Абайұлы тәй-тәй басқан бүлдіршінге батасын берді.

 

Нұрбек  ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»