6.03.2020, 16:12
Қараулар: 234
Құныққан подполковниктің ақыры

Құныққан подполковниктің ақыры

Қазіргі  уақытта  терроризммен  қатар  аталатын  қоғамның  қауіпті  індеті  есірткі  болып  табылатынын баршамыз  білеміз. Нашақордан ақыраяғында тума-туысы,  отбасы мүшелері мен дос-жараны түгел теріс айналады.   Әрі ол жұмыссыз қалып,  қоғам алдындағы абырой-беделі жұрдай болады,  ең ақыры өмірмен қоштасады.  Кез келген есті адам есірткі бизнесімен айналысатындарды айыптайтыны анық.  Біздің арамызда осы зұлымдыққа қарсы күресетін жандарда бар. Бірі қылмыс майданындағы  «шабақтарды»,  ендібірі  «ірілеубалықтарды»  аулайды.
Ал
енді біреулері халықаралық есірткі арналарын анықтаумен айналысады.

Осындай «күрескерлердің» бірі – қызмет барысында мінез-құлқына ылғи оң сипаттама берілген Нұр-Сұлтан қаласы ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы (ЕҚКБ) бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Марат Кантурин болатын. Ол қай тұрғыдан алып қарасада, жақсы жағынан аталатын. Алайда астаналық ҰҚК жедел уәкілдері үшін осы бір әсерлі бағалаулардың еш мәні жоқ еді. Өйткені Кантуриннің Астана аумағында есірткі құралдарын заңсыз өткізу мен таратуға мамандандырылған қылмыстық топты ұйымдастырғаны жайында жедел ақпарат  жинау  аса  маңызды  болатын.

Дәл осы уақыттан бастап «мақтаулы» подполковник Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына ілікті. Кешенді ұйымдастыру, арнайы және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бастапқы ақпарат растала бастайды. Зерттеудің алғашқы күндерінде-ақ жедел уәкілдер Кантуриннің есірткі бизнесі субъектілеріне жалпы қамқоршылық жасауға қатысын куәландыратын мәліметтерге қол жеткізді. Олар құқық қорғау құрылымдарына ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары ретінде белгілі ағайынды Самойловтар болатын. Осындай күшке ие қожайыны бар Самойловтар ештеңеден қорықпастан, Қазақстанның бас қаласында героин сатқан. Осылайша «есірткі бизнесіне қарсы күресуші» қызметтік уәкілеттілігін пайдалана отырып, 2014-2018 жылдар кезеңінде оған жол бермеудің орнына онымен өзі белсенді түрде айналысқан. Оның үстіне өзінің қызмет көрсеткені үшін айына 500 мың теңге алып отырған.

Оңай жолмен табылған ақша тойымсыз қызметкердің аранын аша түсті. Ол ұстау кезінде алынған есірткілерді одан әрі тарату үшін Кирилл Самойловқа берудің қитұрқы жолын ойлап табады. Сыбайластар ақшаны тең бөліп отырған. Сөйтіп, полиция қызметкерінің өмірі ертегіге айналып, ол енді тек заң сақшысы ғана емес, есірткі сатушылар тобының жетекшісі болды. Қымбат қол сағаты, брендке айналған киімдер, аутокөлік пен қымбат кештер Кантурин өмірінің ажырамас бөлігіне айнала бастайды. Бұндай өмір салты оның көңілінен шығып, подполковниктің жанама заңсыз бизнесі дами түсті. Онымен қоса ҰҚК қызметкерлері жүргізіп жатқан зерттеу ауқымы да тереңдей түскен еді. Бұл қарекетінің құны Кантуринді 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуге татитын.

Подполковник кезекті кездесуде Самойловқа сату үшін 2 килограмм героин береді. Осы қадам «болмай қалған Эскобар ақырының басы» болды. Біраз уақыт өткеннен кейін Самойлов Кантуринге «тауарды» сатып алудан бас тартатынын хабарлайды. Себебін сапасының төмендігімен түсіндіріп, оны қайтадан алып кету үшін нақты орнын айтады.

Кантуринге героин емес, ақша керек болатын. Осы арада оның басына тың ойлар келе бастайды. «Жаңа жылға жаңа табыспен!» деген ұранды ұстанған полиция қызметкері Кирилл Самойловқа қатысты қолда бар ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы ІІД ҰҚКБ-ға тапсырады. Аталған бөлімше қызметкерлері оған дереу ден қояды. Сонымен, 2018 жылғы 9 қаңтарда «заң сақшысының» нұсқауымен Кирилл Самойловты және оның ағасы Олег Самойловты салмағы 1 килограмм 734 грамм есірткімен қолға түсіреді. Операцияның қысқа мерзімде жүргізіліп, жерге көмілген героиннің Самойловтар үйіне көршілес учаскеден табылуы кереметтілігімен ерекшеленетін. Нұр-Сұлтан ҰҚК жедел уәкілдерінің көз алдында Голливудтың үздік дәстүрлеріндегі қылмыстық шытырманның сюжеті ойналып жатты.

Жалпы алғанда, оқиға өзінің логикалық шешіміне жеткен сияқты. Алайда Кантуринге бұл да аз көрінді. Самойловтардың ісі бойынша тергеуші аға лейтенант Мақсат Әзімханмен сыбайласып, ол тағы да пайда таппақшы болады. Самойловтар әулетінің барлығымен таныс болғандықтан, Кантурин оларға істерін Қылмыстық кодекстің анағұрлым жеңіл баптарына ауыстыру түрінде көмек ұсынады. Бірақ ол сол уақытта осы әрекеті оған бұрын жасалған құқықбұзушылықтарымен қоса, тағы да бірнеше жыл қосып берерін білмеген еді. Оқиғаның жалғасы ретінде өзінің қызметі үшін ол Кирилға 25 мың және Олегке 20 мың есебінен 45 мың АҚШ долларын сұрайды. Оны Кирилл Самойловтың жұбайы тергеушіге апарып береді. Біраз уақыт өткеннен кейін қылмыстық іс тек Олегке қатысты бөлігінде ғана қайта қаралып, ал Кирилл үшін өзгеріссіз қалады. Шешімі – 10 жылға бас бостандығынан айыру. Тиісінше осы факт Кирилдің жұбайын қатты толғантып, ол Кантуриннен 25 мың АҚШ долларын қайтаруды талап етеді. Бұндай ақша, әрине, онда мүлдем болмаған еді. Осы тұста көпшілікке таныс «күнде ертең» әңгімесі басталады. Наталья ешқандай ақша қайтпайтынын байқап, тергеушіні тиісті құрылымдар мен мекемелерге арыз жазамын деп қорқыта бастайды. Әзімхан оның салдары қиын болуы мүмкін екенін түсініп, Натальяның қорқытуын шынайы қабылдайды да, болған кездесу туралы дереу Кантуринге хабарлайды. Ол болса, алдағы іс-әрекетті талқылау үшін Кирилдің жұбайын ІІД ғимаратына шақырады. Кейінгі бірнеше кездесуден кейін ҰҚК қызметкерлері ІІД қызметкерлерінің пара алуы және жалпы қамқоршылық көрсетуі бойынша бұлтартпас  дәлелдер  алады.

Кантуриннің ұмтылысына тиісті бағасын беру керек. 2018 жылғы 15 маусымда ол Натальяның 100 000 теңгесін қайтарады, келесі аптада тағы да 500 000 теңге беретінін айтып, қарызды біртіндеп жабуға уәде береді. Кантурин Кирилдің жұбайына есірткі құралдарын сатумен айналысуды және оған «жасыл дәліз» ұйымдастыруды ұсына отырып, оны көндіруге тырысады. Сонымен қатар үш сыған отбасына қатысты жеделіздестіру іс-шараларын аяқтап жатқанын және олардан алынған есірткі құралдарын сату үшін Натальяға бере алатынын ымдайды. Сөйтіп, Кантурин өзіне тағы да қосымша мерзім қосып алды. Себебі Наталья Самойлова бұлуақытта ҰҚК астаналық департаментінің жедел уәкілдері мен тергеушілеріне жәрдем көрсетіп жүргенді. Барлық әңгімелесулер мен кездесулер туралы ақпарат чекисттердің кабинеттерінде мұқият сақтаулы еді.

2018 жылғы 10 тамызда Кантурин уәде бойынша Натальяға 700 грамм героин әкеп береді. Оның нақты есірткі екені кейін тиісті сараптамамен расталады. Бұл Кантуриннің бостандықтағы жазының соңғы жайдары күндері еді. Жақын арада ол ұзақ уақыт бойы жылдың барлық төрт мезгілін темір тордың арғы жағында өткізетін болады. 2018 жылғы 28 тамызда ҰҚК қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласы ІІД жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, сол кезде ЕҚКБ бастығының міндетін атқарушы лауазымындағы подполковник Марат Кантуринді ұстайды.

Астаналық комитетшілердің қолында бар бұлтартпас дәлелдерге қоса, Самойловтардың ұялы телефондары алынды. Телефондарда Кантуриннің жоғарыда айтылған әрекеттерін растайтын диктофон жазбалары бар болатын. Тергеуші де ұзақ серуендей алмады. Ол сол жылдың 10 қыркүйегінде ұсталды. Түпкі нәтижесінде Марат Кантурин ірі мөлшерде есірткі саудасымен айналысқаны, лауазымдық уәкілеттілігін теріс пайдаланғаны және пара алғаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу колониясында 10 жыл мерзімін өтеуі тиіс. Сыбайласы Мақсат Әзімхан пара алғаны үшін мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынып, қауіпсіздігі төмен түзеу колониясында жаза мерзімін өтеу үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Нүркен  ҒАППАР