4.03.2020, 12:09
Қараулар: 271
«Ғұмырсахна»

«Ғұмырсахна»

Өткен аптада Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында   «Жұлдызды отбасы» жобасы аясында «Ғұмырсахна» атты кездесу кеші өтті. Бұл жолғы рухани кештің қонақтары Х. Бөкеева атындағы облыстық драма театрының белгілі актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Есендосовпен театр актрисасы Елена Есендосоваболды.

Мазмұнды монологтар­мен, әдемі әнмен өріл­ген кеш «Жалт еткен бір сәуле» атты қойылымның үзін­дісімен басталды. Өмірдеде, өнер­деде қолұстасып, бірге жүрген жұбайлар өткен шақтан әдемі әң­гімелер айтып, өнерлерін ортаға салды.

– «Кездескенде автобустың ішін­­де» деген ән бар ғой. Сол сияқ­ты біз де аялдамада таныстық. Тоқсаныншы жылдар… Көшеде жарық жоқ кез еді. Ол кезде Батыс Қазақстан ауыл­ шаруашылығы институының мал­дәрігерлік фа­культетінде оқып жүрмін. «Фур­мачи» деген би ала­ңынан шығып, Пугачев аялдамасына бардым. Аялдамада  Еленаны құрбылары шығарып салып тұр екен. Екеу­міз бір ауданнан бол­ғаннан кейін бір-бірімізді сырттай білеміз. Елена қыздарға: «Жүре беріңдер, мы­на жігітті танимын» деп, мені­мен бірге автобусқа мін­ді. Сол сәттен бастап жақын танысып, 25 жылдан бері бірге келеміз. Қадыр аға­мыздың «Жылдар өтіп бара­ды, оны қойшы, сәт­тер өтіп бара­ды, осы қиын» деген өлеңін­дегі­дей талай керемет сәт­тер өтті ғой. Қазір төрт перзенті­міз бар, Алла­ға шүкір, – деді Ербол Есендосов естелік әңгімесінде.

Тағылымды шарада театр ардагері Құжырғали Төлеуішов, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сердеш Қажымұратов, актриса Бақтыгүл Жақыпова ақ батасын берді. Түрлі қойылымдардағы бас­ты рөлдерді сахнаға сәтті алып шыққан Ербол Есендосовтың ең­бекқорлығы, өнерге деген табан­дылығы тілеулестер тарапынан жиі айтылды. Кеш барысында өнер майталмандарына облыстық мә­де­ниет басқармасы тарапынан алғысхат табысталды. Сондай-ақ театр директоры Салтанат Абыл­ға­зиева өнер мен өмір тоғыс­тыр­ған жарасымды жұптың театр мақтанышы екендігін айтып сәт­тілік тіледі. Кеш кейіпкерлері Ербол Есендосовтың өзі ойнаған қойылымдардан қойған  үзіндісі, биші Еленаның мың бұрала билеген биі, жұлдызды жұптың қыз­дары Тоғжан Мағзомова оқыған жетім қыздың монологы әсерлі шықты. Кеш соңында танымал ак­тер Ербол Есендосовтың анасы Күлән апа әдемі кешті ұйымдас­тырушыларға рақмет айтып, ри­зашылығын білдірді.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал өңірі»