4.03.2020, 11:45
Қараулар: 55
Батысқазақстандықтар – бірінші!

Батысқазақстандықтар – бірінші!

Жуырда қаламызда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында КСРО спорт шебері Михаил Сидоренконың жүлдесіне арналған облыстық ашық турнир өтті. 

Жарысқа Ресейдің Марий Эл Республикасы, Самара, Саратов, Димитровград қалалары, Орынбор облысының Ташла, Новосергеевка аудандары мен еліміздің Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Атырау облыстарынан және өзіміздің өңірдің аудандарынан келген 400-ден астам палуан қатысты.

Жастар арасында бұқаралық спортты дамытуды және грек-рим күресіне деген қызығушылықты ояту мақсатында ұйымдастырылған бозкілем бәсекесінің ашылу салтанатына жарыс иесі Михаил Сидоренконың өзі келді.

Екі күнге созылған жасөспірім палуандар бәсекесінің қорытындысында жалпыкомандалық үшінші орын ақтөбеліктерге бұйырса, екінші орынды орынборлықтар еншіледі. Ал бірінші орынды БҚО балуандары иеленді.