4.03.2020, 11:40
Қараулар: 144
Еуропа кубогінің қола жүлдегері

Еуропа кубогінің қола жүлдегері

Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен Еуропа кубогінде Қазақстан құрамасының мүшесі, сырымдық Нұрсұлтан Зайзағалиев 66 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынға ие болып, қола жүлдегер атанды.

Осы жарыста біздің жігіт алты белдесу өткізіпті. Әуелі ресейлік Таулан Байсиевті ұтқаннан кейін түрік балуаны Гюрген Ерманды, орыс Кирилл Носковты жеңген. Аяғының жарақаты сыр бергеніне қарамастан, әзірбайжандық Субхан Еюбовпен болған белдесуді де өз пайдасына  шешкен.

Тек грузиялық Нодар Дзамашвилиге ғана есе жіберген. Н. Зайзағалиев қола жүлде үшін белдесуде Ресей балуаны Денис Киселевті қосымша уақытта қапысын тауып, вазари әдісімен жеңген. Айта кетейік, Нұрсұлтан Зайзағалиев – Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Қазір Орал қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта білім алуда.