2.03.2020, 15:59
Қараулар: 220
Бейбіт жиын – демократия талабы

Бейбіт жиын – демократия талабы

Ақпанның 27-сі күні ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин облысымызға жұмыс сапарымен келді.  Вице-министр қоғам­дық ұйым­дардың төрағалары­мен, белсенді азаматтармен, БАҚ өкілдерімен кездесіп, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі»  туралы заң жобасын таныстырды.

Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыр­күйектегі Қазақ­стан халқына Жол­да­уында Үкімет алдына митин­гі­леер ту­ралы заңнаманы жетілді­ру жөнінде нақты міндет қойды. Осыған сәйкес Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігі «Қа­зақстан Республикасында бей­біт жиындарды ұйымдастыру жә­не өткізу тәртібі» туралы, «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу» туралы тұжырымда­малар мен заң жобалары әзір­ленді. 1995 жылғы заң жалпы­ла­ма сипатта болды. Негізгі құ­қық­тық регламент мәслихаттар құ­зы­рында еді. Заңнаманың жетілдірілмеуі жергілікті өкілет­ті құ­рылымдардың әртүрлі та­лап­ты белгілеуіне себеп болды. Мәсе­лен, қалалық мәслихаттардың бі­рі бейбіт жиын ұйымдастыруға болатын орынды белгілесе, бас­қа өңірде митинг өткізуге бола­тын қосымша регламенттеу бойынша жеке ережелер бекітілді. Жаңа заңды қабылдау республи­каның барлық өңірінде бейбіт жиынды өткізуге болатын бір­ың­ғай ережені белгілеуге ықпал ет­пек, – деді ҚР Ақпарат және қо­ғамдық даму министрінің орынбасары Д.Есин.

Басқосуда Данияр Есин бейбіт жиналыстың негізгі қағидат­та­ры белгіленгенін хабарлады. Жиын зорлық-зомбылық сипаталып кетпеуі, заңды болуы керек. Мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келмеуі тиіс. Адамдардың құқығы мен бостандығы сақталуы, денсау­лы­ғына залал келмеуі, жиынға ерік­ті түрде қатысуы назарға алынады. Бейбіт жиын өткізуге болатын арнайы орындарды анық­тау заң жобасында қарастырыл­ған. Тәртіп бойынша белгіленген орын­­да инфрақұрылым нысан­дарын ұйымдастырушылар мен қа­тысушылардың пайдалану мүм­кіндігі, санитарлық ережелер­дің сақталуы, адамдар қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Президент тапсырмасына сәй­кес жиын өт­кізетін орын шетке­рі аймақта емес, елді мекендердің орталық бөлігінде болады. Вице-министр арна­йы орындар­ды анықтау бейбіт жиын өткізу мәдениетін артты­ру­ға, еркін пі­кір білдіру алаңының қолжетімді болуына, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін айтты.

– Заң жобасында жергілікті өкі­летті құрылым белгілеген орын­­­­да 250-ден аз адам қатыса­тын пикет, митинг, жиын үшін хабар­ландыру тәртібі бе­кі­тілген. Бел­гіленген мерзімде жергілікті құ­рылым хабарландыру­ға жауап бермеген жағдайда бейбіт жиын­ды өткізуге болады деп есепте­лінеді. Ал 250-ден астам адам қа­тысқан шеру, демонстрация, ми­тинг үшін жергілікті атқарушы құрылымның келісімі қажет. Пи­кет өткізу хабарландыру тәртібі негізінде қа­растырылады, – деді ДаниярЕсин.

Заңда бейбіт жиналыс ұйым­дас­ты­рушылардың, қатысушы­лардың және журналистердің мәртебесі мен құқығы бекітілмек. Бейбіт жиын кезінде үгіт жүр­гізу құқығына да қатысты заң талаптары енгізілмек.

Басқосу­ға қатысқан қоғам белсенділері заң жобасына қатысты пікірлерін ашық білдірді.

«Қоғамда жаңа заң талапта­рының ашық талқы­­ла­нып жатқа­нына қуанамын. Бей­біт жиын өт­кізуге рұқсат беретін жергілікті мәслихаттарға зор жауапкер­ші­лік жүктелмек. Қала орталығы­нан митинг, шеру өткі­зуге рұқсат бе­рілгені дұрыс. Сонымен қатар 250 адам жиналуы керек деген шектеуге қатысты заң талабына нақты түсінік берген жөн. Хабар­ландыру немесе заң шеңберін­де рұқсат алуға бай­ланысты ара­лас тәртіптің бекі­тілетініде дұ­рыс шешім», – деді «Ақотау» от­басы орталығы» қо­ғамдық бір­лес­­тігінің төрағасы Алтынай Ес­қалиева. Ол заң жобасы қоғамда еркін пікір білдіру мәдениетінің дамуына, елде демократия құн­дылықтарының нығаюына оң әсе­рін тигізетініне сенетінін айтты.

– Жұмыс тобы заң жобасын қай тілде дайындап жатқанын білгім келеді. Аудармашы ретінде пікірімді айтайын. Заңдар­дың қазақ және орыс тілдеріндегі  нұс­қасын салыстыра отырып, кей заң тармағының мәтіні қате ау­да­рылғанын байқадым. Көбіне заң жобасы орысша  әзірленіп, кейін қазақ тіліне аударылады. Содан заң талабында қайшы ұғым пайда болады. Осы мәселеге сер­гек қарауды ұсынамын. Сонымен қа­тар бейбіт жиынның өткізу нысанын нақты айқындап алу ке­рек. Ол пикет түрінде бола ма, ми­тингке рұқсат етіле ме, шеру өткі­зіле ме? Осының ара-жігін ажыратып алған жөн, – деді заң жобасын талқылау барысында қоғам белсендісі Нұрлан Сәдір.

Дөңгелек үстелде заң ғылым­дарының кандидаты Талғат Рах­метов бейбіт жиынды ұйымдас­тырушылардың жауапкершілігі күшеюін құптайтынын жеткізді. «Құқықтық мемлекет ретінде да­­му жолын өзіміз айқындауы­мыз керек. Мысалы, Францияда митинг бейбіт түрде басталып, на­разылық соңы дүкендерді қира­ту мен көліктерді өртеуге ұласа­тындығына телехабарлар мен әлеуметтік желілер арқылы куә болудамыз. Барлық талап заң шеңберінде болуы тиіс. Қоғам­дық талқылауға ұсынылған заң жобасына көптеген өзгерістер мен толықтыру­лар енгізілген. Демократия құн­дылықтарын ес­керетін шетелдер­дегі тәжіри­бе кеңінен зерттел­ген. Заң жоба­сын қолдаймын», – деді Талғат  Рахметов.

 

Нұртай   ТЕКЕБАЕВ,

«Орал   өңірі»