31.01.2020, 14:41
Қараулар: 665
«Күлтегін»  банкноты  әлі  қолданыста

«Күлтегін»  банкноты  әлі  қолданыста

2013  жылы  шыққан  номиналы 1000 теңгелік «Kүлтегін»  банкнотын  қабылдаудан  бас  тартқандар жауапкершілікке  тартылады.

ҚР Ұлттық банкінің Батыс Қазақстан филиалы таратқан мәліметке қарағанда, «Күлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған банкнот заңды төлем құралы болып табылады. Оның айналыста болу мерзімі шектелмеген.

Аталмыш банкнот еліміздің бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі, сондай-ақ көрсетулі құны бойынша банк шотына есепке алу және аудару үшін міндетті түрде қабылданады. Барлық банк пен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауы және айырбастаулары тиіс.

Егер «Күлтегін» ескерткіш банкнотын қабылдаудан бас тартылса, онда кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 206-бабында көзделген шаралар қолданылады.

Көптеген көшпенді ұлысты көк байрақтың астына біріктірген Екінші Шығыс Түрік қағанатының саяси және әскери қайраткері болған Күлтегінге  (685-731 ж. ж.) арналған бұл банкнот әлем бойынша үздіктер қатарына кіреді. Яғни ол 2014 жылы Халықаралық банкнот қоғамдастығының (International Bank Note Society) нұсқасы бойынша 2013 жылдың озық банкноты деп танылды.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар