28.01.2020, 11:29
Қараулар: 284
Зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері артты

Зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері артты

Еңбек,  әлеуметтік  қорғау  және  көші-қон  комитетінің  БҚО  бойынша  департаментімен  облыс  бойынша  87 000-нан  астам  зейнеткерге  2020  жылдың  1  қаңтарына дейін  тағайындалған  зейнетақы төлемдерінің  мөлшері  7  пайызға артты.

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға сай 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 16 839 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері – 38 636 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн айлық есептiк көрсеткіш – 2 651 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөріс деңгейiнiң шамасы 31 183 теңге болып белгіленді.

Сонымен қатар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептiк көрсеткiш және ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы өзгеруіне байланысты барлық жәрдемақы мен әлеуметтік төлем түрлерінің мөлшері 5 пайызға  өсірілді.

Жеңіс  БЕРІКОВ,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және  көші-қон  комитетінің БҚО  бойынша  департаменті  басшысының  орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар