28.01.2020, 11:22
Қараулар: 379
Мердігерлерге қатаң ескерту  берілді

Мердігерлерге қатаң ескерту  берілді

Казталов, Жәнібек  және  Бөкей  ордасы  аудандарын  облыс  орталығымен  байланыстыратын  аутокөлік  жолдарының  күрделі  жөндеу  жұмыстары  баяу  жүруде. Осы  мәселеге  байланысты  Нұр-Сұлтан  қаласында  жиын  өткізілді.  Жол  жөндеу  жұмыстарының  кешеуілдеуінің  себебі  анықталып,  кестеге сәйкес  жұмысты  қалпына  келтіру үшін  нақты  тапсырмалар берілді.

ҚР Президенті мен Премьер-министрінің бақылауында тұрған жөндеу жұмыстары жөніндегі жиын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өтті. Оған вице-министр Берік Қамалиев пен облыс әкімі Ғали Есқалиев, сондай-ақ мердігер, жобалаушы, техникалық бақылау мекемелерінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның басшылары қатысты.

Бас мердігерлер жұмыстардың кешеуілдеу себептерін айтып, жұмысты кесте бойынша қалпына келтіру үшін қолға алынған шаралар туралы баяндады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев бас мердігер болып табылатын «Теміржол жөндеу», «Атырау жолдары» және «Ақжол құрылыс» ЖШС-ларының басшыларына наурыз-сәуір айларында бірден жұмысқа кірісіп кету үшін 1 наурызға дейін дайындықты аяқтауды тапсырды. Егер талаптар орындалмаса, компаниялармен келісімшарт бұзылатындығы туралы қатаң ескерту берілді.

Жиында жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес 2021 жылы аяқталатыны баяндалды.

Айта кетейік, Елбасы тапсырмасымен Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын күре жолдың 238 шақырымын күрделі жөндеу басталды. Өткен жылы жобаны жүзеге асыруға 2,4 млрд. теңге бөлінді. Ал жобаның жалпы құны 54,1 млрд. теңгені  құрайды.

Батыс  Қазақсан  облысы  әкімінің   жұртшылықпен байланыс  жөніндегі  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Нурлыбек Рахманов: Батыс Қазақстан облыстық "Орал өңірі" газеті сайтының бұл нұсқасы мұрағатқа көшірілді. Күн сайынғы жаңалықтарды енді zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыз.