24.01.2020, 11:37
Қараулар: 623
Мерейі асқақ ұстаз

Мерейі асқақ ұстаз

Махамбет  Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  тәрбие  жұмысы  және  әлеуметтік  мәселелер  бойынша  проректоры  Түймеш  Дәрішева  «Халық  сүйіктісі»  республикалық  сыйлығы аясында  «Жылдың  ең  үздік  ұстазы»  аталымын  иеленді.  Былтыр  жыл соңында өткен  байқаудың  дауыс  беру  нәтижесінде  оқ  бойы озық  шыққан  жеңімпаздарды  марапаттау  рәсімі  жуырда  Нұр-Сұлтан  қаласында  өткен  болатын.

Түймеш Малбағарқызының еліміздегі ең іргелі жоғары оқу орындарының бірі – БҚМУ қабырғасында еңбек етіп жүргеніне 30 жылдан астам уақыт болыпты. Ол – білікті басшы, маңызды мәселелерді шешудің тың әрі заманауи жолдарын меңгерген мықты маман. Таусылмас қажыр-қайраты, жоғары біліктілігі, орасан зор шығармашылық әлеуеті мен ұйымдастырушылық қабілеті оны өзгелерден ерекшелеп тұрады. Университетімізде білім алып, үлкен өмірге қанат қаққан мыңдаған түлек өзіндік көшбасшылық қабілетті дамытудың қыр-сырын Түймеш Малбағарқызынан үйренді. «Халық сүйіктісі» атағын иемденуі де білікті басшы, ұлағатты ұстаздың көп жылғы еңбегі, төккен тері мен жоғары біліктілігінің жемісі деп білеміз.

Университет ректоры Нұрлан Серғалиев Түймеш Малбағарқызын жалпы ұжым, профессорлық-оқытушылық құрам және университет түлектері мен студенттері атынан құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

«Құттықтау тілегін білдіріп, қуанышымды бөлісіп жатқан барша жанға алғысымды білдіремін. Осы марапатты иелену арқылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің атын республикалық деңгейде танытуға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Мен үшін баға жетпес сый – шәкірттерімнің берген бағасы», – дейді Түймеш  Малбағарқызы.

Алтыншаш  ДАНДЫҚҰЛОВА,

М. Өтемісов  атындағы  БҚМУ-дың  қызметкері

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар

Нурлыбек Рахманов: Батыс Қазақстан облыстық "Орал өңірі" газеті сайтының бұл нұсқасы мұрағатқа көшірілді. Күн сайынғы жаңалықтарды енді zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыз.