17.01.2020, 14:36
Қараулар: 436
ОРАЛДА  ҚАУІПТІ  15  КӘРІЗ  ҚҰДЫҒЫ  БАР

ОРАЛДА  ҚАУІПТІ  15  КӘРІЗ  ҚҰДЫҒЫ  БАР

Орал қаласында жүргізілген «Қауіпсіз қала» акция-рейді барысында шаһардың CityCenter, Ет комбинаты, Школьник, Юбиляр және Юбилейный аудандарында  15 кәріз құдығының  қауіпті екендігі анықталды.

«Jas Otan» ЖҚ БҚОФ мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен шара барысында ашық тұрған кәріз құдықтарына және газ есептеуіш құрылғыларының жағдайына мониторинг жүргізген болатын. Олар құзырлы мекемелерге апатты жағдайда ашық жатқан кәріз құдықтары туралы ақпараттар берді. Алдағы уақытта «жасотандықтар» бұл жерлердегі жұмыстардың тиісті деңгейде жүргізілуін қадағаламақ. Еріктілер Өскен ауылындағы «Томирис» саяжайында өрт қауіпсіздігінің алдын алуға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Рейдке «жасотандықтармен» қатар, «Орал» студенттер альянсы» КҚ және Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Руханият» еріктілер тобындағы 100-ден астам жас қатысып, қаланың қауіпсіздігіне бейжай қарамайтындарын көрсетті. Шаһар аумағындағы қауіпті кәріз құдықтары мен газ құрылғылары жөнінде 8 776 098 07 07 нөмірі бойынша whatsapp желісіне жолдауға  болады.

Ерлік ШАМҒАЛИЕВ,

«Jas Otan» ЖҚ БҚОФ  төрағасының орынбасары

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар