17.01.2020, 14:34
Қараулар: 236
Ұялы  телефон  ұятқа  қалдырды

Ұялы  телефон  ұятқа  қалдырды

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде басталған ҰБТ-ның алғашқы күнінде екі талапкердің ұялы телефонмен кірмек болған әрекеті әшкере болып, олар білім сынағынан шеттетілді.

Қаңтардың 16-19-ы күндері Батыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізілуде. Сынақтың ашық та әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты арнайы мониторингтік топ мүшелері мен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  менеджерлері бақылаушы ретінде қатысуда. БҚМУ жанындағы ҰБТ орталығынан қаңтар айында сынақ тапсыруға 2476 талапкер ниет білдірсе, олардың 1703-і мемлекеттік, 773-і орыс тілінде тестілеуден өткен. Аталмыш университеттің тоғыз аудиториясында өтіп жатқан ҰБТ-ның алғашқы күнінде 590 талапкер бақ сынады.

Сәндібек  ЖОМАРТҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар