17.01.2020, 14:27
Қараулар: 204
Зашағанда  – жаңа  ХҚКО

Зашағанда  – жаңа  ХҚКО

Сәрсенбі  күні  Орал  қаласының  Зашаған  кентінде  «Ашық  әкімдік»  фронт-кеңсесі  ашылды.  Кеңсе  ішінде  халыққа  қызмет  көрсету  орталығының  №3  бөлімі  де  іске  қосылды.

– Қала халқы саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Күні бүгін Зашаған мен Круглоозерный кенті тұрғындарының жалпы саны 58 мыңнан асты. Жергілікті  жұрттың сұранысына байланысты ҚР Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі мен халыққа қызмет көрсету орталығын ашуды ұйғардық. Басты мақсат – тұрғындарға көрсетілетін мемқызметтерді оңтайландыру, кезек санын азайтып, халықтың бөлім мамандарына жолығуға жағдай жасау,  – деді Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков.

«Ашық әкімдікте» қала әкімдігінің кеңсесі және жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің сегіз кеңесші-маманы құжат қабылдап, тұрғындар сұрағына  жауап береді. ХҚКО  жаңа №3 бөлімшесінде 20 маман іске кірісті.

Олар күніне 400-ге дейін тұрғынды қабылдайды. Жәңгір хан көшесіндегі мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан жаңа ХҚКО 09.00-18.30 аралығында жұмыс істейді.

Нұркен  ҒАППАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар