14.01.2020, 14:02
Қараулар: 130
Жылыту маусымы: қауіпсіздікті ұмытпайық!

Жылыту маусымы: қауіпсіздікті ұмытпайық!

Үйіңіз пешпен жылытылатын болса, статистика бойынша тұрғын үйдегі өрттердің әр 10-шысы пештің ақаулығы мен оны дұрыс пайдаланбаудан туындайтынын есіңізге салғымыз келеді. Бұл орайда, өзіңіз ғана емес, көршілеріңіз де баспанасыз қалатынын естен шығармағаныңыз абзал.

Тәуліктің түнгі мезгілінде шығатын өрттердің салдары қиын жағдайларға әкеліп соғады. Пеш жағатын жеке үйлердің тұрғындары улы иістен уланып қалып жатады. Пештің түтін жолын ертерек жауып тастау кезінде жанып бітпеген көмір көмірқышқыл газбен әрекетке түсіп, улы газ түзеді. Оның не түсі, не дәмі, не исі болмағандықтан, адамға әсері білінбей, көп жағдайда өз өмірімен қош айтысып жатады.

Соңғы кездері өрттегі адам өлімі, әсіресе ең қиыны – бала өлімі кеңінен белең алып отыр. Бұл орны толмас қайғы…

Өрттің құрбаны болмай, өз мүлкіңізді от тажалынан сақтап қалу үшін жылыту маусымы кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін баса айтқымыз келеді.

Пеш жаққан кезде мына талаптарды сақтаңыз:

—      жанып жатқан пештің қақпағын ашық қалдырмаңыз;

—      пештің мойындығында ағаш кептірмеңіз;

—      пеш жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды қолданбаңыз;

—      пешті қатты қыздырмаңыз:

—      сіріңкелер мен оттықтарды кішкентай балалардың қолына бермеңіз.

Қолдан дайындалған жылыту құралдарын пайдалану, электр құралдарының жанғыш құрылымдардың қасында орналасуы, үйіңіздегі электр желісінің ақаулығы – тұрғын үйдегі өрт себебінің кең таралған түрлеріне жатады. Электр жабдықтарын пайдалану ережелеріне немқұрайлы қарау да қайғылы жағдайларға әкеліп соғады.

Жылыту маусымы басталғалы бері Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі айлығын, сенбіліктерін ұйымдастыруда, бұл іс-шаралардың мақсаты – тұрғындардың өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтау, өрт орын алғанда дұрыс әрекет ете білу мәдениетін арттыру, өзінің және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне саналы түрде әрі жауапкершілікпен қарай білуін қалыптастыру болып табылады.

А.Ж. Мырзагалиева

БҚО ТЖД Зілзалалар қауіп-қатерін азайту

және азаматтық қорғау саласындағы

бақылау басқармасының аға инженері 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар