27.12.2019, 10:29
Қараулар: 416
Жүрекке  жара  салған  Ауғанстан

Жүрекке  жара  салған  Ауғанстан

Осыдан 40 жыл бұрын, нақтырақ айтқанда, 1979 жылдың 25 желтоқсанында Кеңес әскерлері Ауғанстан аумағына кірген еді. Бұйрық бойынша бұл елге облысымыздан 1021 сарбаз аттанса, оның 30-ға жуығы қаза тапқан. Соған орай Орал қаласының Жеңіс алаңындағы интернационалистжауынгерлерге арналған  мемориалдық кешенде ауған соғысы жауынгерлерін еске алу шарасы өтті.

Шарада Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысы ардагерлері бақилық болған боздақтарды еске алды. Шараны «Ауған соғысының мүгедектері мен  ардагерлерінің Батыс Қазақстан облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Беркінғали Ғабделов жүргізді.

– 25 желтоқсан – Кеңес одағы үшін ең қаралы күннің бірі. Ауған соғысына Қазақстаннан 22 мыңнан астам сарбаз аттанса, 941 жауынгердің денесі елге мырыш табытпен оралды. Мұдай жағдай енді қайталанбасын. Елімізде бейбіт заман болсын. Ұрпақтарымыз соғыс атаулыны бастан кешпесін деп тілейміз. Ұлы Отан соғысы мен ауған соғысы ардагерлері мектеп оқушыларына патриоттық бағытта үлгіөнегесін көрсетіп, ақыл-кеңестерін айтып келеді. Сол еңбектеріңіз үшін, бейбіт таңымыз үшін алғыс айтамыз, – деді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Асылбек Дүйсенбиев.

Шарада ауған соғысының бірқатар ардагерлері сұм соғыстың жүрекке салған жарасы мен жауынгерлердің ерлігі төңірегінде ойларын ортаға салып, естеліктерімен бөлісті.

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар