27.12.2019, 10:26
Қараулар: 82
Шаһардың  бас  шыршасы шақырады

Шаһардың  бас  шыршасы шақырады

Апта басында Орал қаласындағы Тұңғыш Президент алаңында шаһардың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті. Бұл күні алаңға жиналған түрлі ертегі кейіпкерлері және  Аяз аталар мен Ақшақарлар күннің ерекше  салқындығына қарамастан, кеш көрігін қыздыруға тырысты.

Шарада қала әкімі Абат Шыныбеков жиылғандарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады:

– Құрметті оралдықтар, сіздерді келе жатқан 2020 Жаңа жылмен құттықтаймын! Қарбаласқа, сәттіліктер мен сәтсіздіктерге толы 2019 жыл да артта қалып барады. Келер жылға әрқайсысымыз жаңа арманмақсаттармен аяқ басқалы тұрмыз. Жаңа жыл бәрімізге жақсылық әкелсін,  – деді шаһар басшысы.

Айта кетейік, Тұңғыш Президент алаңына құрылған шыршаның биіктігі – 24 метр. Сондай-ақ қаламыздағы Абай алаңы, қалалық мәдениет және демалыс саябағы және басқа демалыс орындарында барлығы 7 шырша орнатылған.

Мерекелік шарада жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты. Алаңға жиылғандар ән салып, би билеп, көңіл көтерді.

Гүлжамал   ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар